№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЗАНАҚ АДАМ ЖАДЫН КҮШЕЙТІП, РАКТЫ БОЛДЫРМАЙДЫ

ҚЫЗАНАҚ АДАМ ЖАДЫН КҮШЕЙТІП, РАКТЫ БОЛДЫРМАЙДЫ


Піскен қызанақтың құрамында «ликопин» деп аталатын пигмент бар. Қызанаққа қызыл түс беретін де сол пигмент. Аталмыш пигмент адамның жадын жақсартып, склерозға ұшыраудан қорғайды. Сонымен қатар, ликопин ДНК-ны қорғап, асқазан рагы, қуық безі рагының бетін қайтарады. Жүрек-қан тамыр ауруларын азайтады. Ликопин басқа пигменттер секілді қайнатқанда немесе пісіргенде жоғалып кетпейді, керісінше, көбейе түседі. Әсіресе, сорпа мен тұздық арқылы ағзаға жақсы сіңеді. 

Сондай-ақ, қызанақтың құрамы адам ағзасына пайдалы калий, натрий, магний, темір, хлор, фосфор, күкірт, кремний, йод және А, В, С, Е дәрумендеріне бай.
Қызанақтың отаны Оңтүстік Америкадағы Эквадор мемлекеті. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қызанақты б.з.д.V ғасырларда перу тайпалары да өсіргені айтылады. Үндістер бұл жемісті «помидорль» деп атаған. «Помидор» сөзі содан шықса керек. Ал, француздар қызанақты «pomme d amur» деп атайды, ол «махаббат алмасы» деген мағына береді. Қызанақты Еуропада бастапқы кезде тек сәндік үшін өсірген, ал оның жемісі улы саналған. Германияда терезені әсемдеу үшін, Францияда күркелерді сәндеу үшін қолданылса, Англия мен Ресейде сирек ұшырасатын гүл ретінде өсірген екен.
28 наурыз 2018 ж. 2 888 0