№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАН ҚЫСЫМЫ КӨТЕРІЛГЕНДЕ ПАЙДАЛЫ 10 ТАҒАМ

ҚАН ҚЫСЫМЫ КӨТЕРІЛГЕНДЕ ПАЙДАЛЫ 10 ТАҒАМ


Қан қысымы қан тамырларының (күре тамырлар мен көктамырлардың) қабырғаларына түсетін күш. қан қысымы адамның жасы мен денсаулығына байланысты болады. Ол қантамырларда бірдей болмайды . Қан қысымы артерияларда, әсіресе, қолқада барынша жоғары болады. Қан жүректен алыстаған сайын қысым да азаяды. Қан қысымы каппилярларға жеткенше төмендеп, веналарда ,әсіресе, жоғары және төменгі қуысты веналарда ең төмен болады.

1. Майсыздандырылған ірімшік тамырлардың созылуына әсерін тигізіп, жүректі жақсартады және кальций, магний, калийдің көзі болып табылады. Сондықтан күніне 100 грамнан кем емес ірімшікті жеу қажет.
2. Қызыл болгар бұрышы С дәруменінің аса көп мөлшерін өзінің құрамында сақтайды. Гипертония ( қан қысымының артуы) ауруына шалдыққандарға бұл тағамды міндетті түрде пайдаланған жөн. Егер күніне 2 дана қызыл бұрыш жейтін болсаңыз, организмдегі С дәруменінің орнын толтырады.
3. Албырт (лосось) - май қышқылының көзі және қан қысымын түсірудің тамаша әдісі. Оны аптасына 3 рет 100-150 грамнан қолданған жөн.
4. Сұлы жармасының ботқасы гипертониямен ауыратын адамдардың таңғы ас мәзірінде міндетті түрде болуы қажет. Зерттеулер нәтижесі бойынша, сұлы-ағзадағы селеннің орнын толтырушы.
5. Асқабақ шемішкесі ағзадағы цинктің азаюынан сақтайды және инфарктан құтқарады. Күніне 20 грамнан жеген жеткілікті.
6.Какао қан тамырларының жағдайын жақсартады. Дегенмен, ол өте құнарлы(калориялы) сусын. Аптасына 1-2 шыныаяқ ішуге болады.
7. Майсыздандырылған сүт құрамында калий, кальций, магний және басқа да дәрумендер бар, гипертониямен ауыратындардың жағдайын жақсартады. Күніне 3 стақанға шейін ішуге болады.  
8. Ащы шоколад жүрек бұлшық етін бекітеді, антиоксидантты құрамында сақтайды және 5-10 мм-ге қан қысымын түсіруге қабілеті бар. Дей тұрғанмен, оны көп мөлшерде жеудің қажеті жоқ.
9. Миндальдың құрамында мономайлар бар болғандықтан, холестериннің деңгейін төмендетеді. Бұл жаңғақта қан қысымының түсуін қамтамасыз ететін Е дәрумені,калий,магний элементтері бар.
10. Көк шай үнемі ішіп отыруды қажет етеді, осылайша холестериндік тығынды ерітеді, құрамында көп антиоксидант бар, организмнің тозу үдерісіне жол бермейді. Әлемде көк шайды көп ішетін Жапонияда халықтың барлығы дерлік гипертония ауруымен ауырмайды.

inform.kz
14 наурыз 2018 ж. 2 397 2

Гость Jeahulalf от 12 ақпан 2019 20:59
Viagra 25 Mg 4 St Cialis Acheter En Pharmacie Au Revoir Clomid cialis 20mg price at walmart How To Buy Clobetasol Viagra Duree Efficacite Where To Get Flagyl In Virgin Islands

Гость Jeahulalf от 4 наурыз 2019 23:30
Acquistare Cialis Viagra Acheter Viagra Sans Ordonnance buy generic cialis Cialis 5 Mg Precio Sublingual Viagra Pro Generic Online Clomid 2 Par Repas