№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мақтаарал, біз біргеміз!

Мақтаарал, біз біргеміз!


12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні игілікті шараға куә болдық. Медицина саласының мамандары мақтаа ралдық ағайынға демеу болуды дұрыс санап, гуманитарлық көмекті аттандырды. Игілікті істің басынан біз де табылып, ақ халаттылардың ақ тілегін тыңдап қайттық.

«Сардоба» су қоймасынан зардап шеккен оңтүстіктегі ағайынға аса қажет заттарды тиепті. Оның ішінде, азық-түліктен бөлек киім-кешек, көрпе-төсек, ыдыс-аяқтар, гигиеналық заттар бар.
Аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев медбикелер күніне орай келген игілікті шарада тағылымды ой өрбітіп, мақтааралдықтарға демеу көрсеткен жерлестеріне алғыс білдірді.
Қайырымды істің қайыры мол. Оны мына оқиғамен үндестіруге болады. Ертеректе бір адам қажылыққа барғысы келіп, жолға қажетті ақша жинайды. Содан әні-міне барам деп тұрған кезінде бір мүскін мұңын шағып, көмек сұрайды. Жаңағы кісі ойлана келе әлгі мүсәпірге қаржысын беруді жөн санайды. Жаратушы әлгінің ниетін қабыл етіп, қажылық сауапты нәсіп етіпті-мыс.
Әрине дәрігерлер қажылықты мұрат етпесе де, адамның саулығына жауапты екенін жақсы біледі, әрі сол үшін күш-жігерін салады. Ақ халаттылар сауапты іске үлес қосып, алыстағы ағайынның рухына жігер беріп, саулығына үлес қосқандай...
Аудандық аурухананың ардагер бастауыш ұйымының төрағасы Талғатбек Аблаев өзінен кейінгі буын өкілдерінің ақ ниетін қолдап, әріптестеріне ақ батасын берді.
Ауданның бас дәрігері Яхия Шорабеков медицина қызметкерлері бастаманы қолдағаны үшін алғыс білдіріп, мақтаралдықтармен бірге екенін айтты.
– Коронавирус жаһан жұртын тығырыққа тіреген кезде медицина мамандары жауапкершілікті сезініп, іске адалдық танытты. Өлім мен өмірдің арасында қызмет етуде. Мақтааралдағы жағдайда жанға батты. Бірнеше сағаттың ішінде үй-жайынан айырылып, көшеде қалды. Әрине мұндай сәтте қамқорлық көрсетіп, рухани демеу көрсету маңызды. Жаңақорған ауданындағы медицина қызметкерлері осыны саналы түрде түсініп, ерікті түрде қол ұшын созды. Барша әріптестерге алғыс білдіремін, – деді Яхия Кәдірбекұлы.
Ауданнан бір топ дәрігерлерді бастап жолға шыққан Әбілхайыр Сыздықов елге түскен ауыртпалықты бірге көтеру ердің ісі санайтынын, емхана ұжымының ауызбіршілігі мен ынтымағын мақтан ететінін сөз етті.

Мақпал МАРҚАБАЙ

16 мамыр 2020 ж. 541 0