№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Президент мәлімдемесі көңілге сенім ұялатты

Президент мәлімдемесі көңілге сенім ұялатты


Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталды деген жаңалықты естіп куанып қалғанымыз рас. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында індеттің шарықтау шегінен өткенімізді айтты.
Бірақ пандемияның әлі де болса қауіпті екенін қаперден түсірмеу керек. Оның түбегейлі жойылмағанын ескеру керек. Осыған байланысты Президенттің тапсырмасына сәйкес, карантиндік шаралар әр өңірде әрқалай жалғасады.
Мемлекет басшысы отырыста елімізде көптеген тұрғындарға көмек көрсетіліп жатқанын, бұл алдағы күндері де жалғаса беретіндігін жеткізіп, ешкім де назардан тыс қалмайтынын мәлімдеді.
Ең бастысы, Президент сенім алға жетелейтінін сөз етіп: «Біз күрделі кезеңді бастан өткерудеміз. Халқымыздың бекем бірлігі бәрімізге күш-қуат береді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.Біз бұған дейін талай сынақтан сүрінбей өттік. Бұл қиындықты да еңсереміз», деді. Шынын айту керек, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі мәлімдемесі көңілге сенім ұялатты.
Президент бүгінгі Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында көптеген шектеулер алынып тасталғанын, біршама кәсіпкерлік нысандар жұмысын бастап, саябақтар ашылағанын айтты.
Осы орайда, басты байлық денсаулық екенін ескеріп, сақтық шараларын естен шығармауға шақырамын. Күнделікті вирустарға қарсы құралдарды пайдаланып, өз денсаулығымызды өзіміз қадағалай білейік.

Зәуре ӘМЕТОВА,
Жаңақорған аудандық қоғамдық кеңес мүшесі
11 мамыр 2020 ж. 549 0