Топ-баннер
Топ-баннер2

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер онлайн қабылданып жатыр

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер онлайн қабылданып жатыр


Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады. Интернет жылдамдығы төмен немесе мүлдем жоқ жерлерде тұратын оқушылармен орталық мамандары тікелей байланысып, тіркеу үшін көмектесіп жатыр.
18 жасқа толмаған тұлғалардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді олардың заңды өкілдері беретінін айта кеткен жөн.
Қазіргі күні 125 000-нан астам талапкер тестілеуге қатысуға өтініш білдірді.
Техникалық қолдау үшін Ұлттық тестілеу орталығының 8 8000 80 71 77 нөмірі бойынша Call-center жұмыс істейді. Cондай-ақ, info@testcenter.kz қолдау қызметі жəне ҰТО-ның əлеуметтік желідегі парақшалары арқылы хат жолдауға болады.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі
10 мамыр 2020 ж. 553 0