Соңғы жаңалықтар

Ат спортынан алдамыз

31 қаңтар 2026 ж. 413

№8 (8922) 31

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (8921) 27

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (8920) 24

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ҰБТ нәтижелерін қайдан білуге болады

ҰБТ нәтижелерін қайдан білуге болады

  20 маусымда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталып, 169 ҰБТ өткізу пунктерінде өткізіледі. ҰБТ-ға өтініш қабылдау 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380-ді құрайды (өткен жылғы мектеп бітірушілер саны - 20 862), деп хабарлайды Zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҰБТ-2019 нәтижелерін:
- @edu.gov.kz_bot Telegram-боты көмегімен;
- edu.mail.kz сайтынан;
- Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kz білуге болады. Ол үшін әрбір тестіленушіге берілетін ТЖК (тестіленушінің жеке кодын) енгізу қажет
Биыл Министрлік ҰБТ тапсыру кезіндегі кез-келген бұзушылықтарды, оның ішінде жақсы нәтижелер алу үшін үшінші тұлғалардың қызмет көрсетуін болдырмау бойынша нақты қадамдар қабылдауда. Мұндай іс-әрекеттер ҰБТ-ның объективтілігіне сенімді азайтады.
Біз барлық түлектер мен ата-аналардан мұндай жағдайларда бей-жай қарап қалмауды сұраймыз. Егерде Сіздерге «дұрыс жауаптар кодын» сатып алуды ұсынса, тестілеу кезінде көшіріп алудың куәгері болсаңыз немесе тестілеу кезінде бөтен адамдардың жүргенін көрсеңіз,
- +7 (7172) 69-50-87 телефонына хабарласуды немесе
- @edu.gov.kz_bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз.
Өз тарапымыздан біз ақпараттың конфиденциалды болуына кепілдік береміз.
Туындаған сұрақтарға жедел қарау, сонымен қатар тестілеудің айқындылығын жақсарту мақсатында тәулік бойы 8-800-080-7177 Call-орталығы жұмыс істейді.
21 маусым 2019 ж. 1 531 0