№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда: Кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпорындарға санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар жөніндегі нұсқаулық

Қызылорда: Кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпорындарға санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар жөніндегі нұсқаулық


Қызылорда облысының бас санитарының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 11 қаулысымен кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпорындарға санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар жөніндегі нұсқаулық бекітілді. Аталмыш талаптың толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.
Ұжымдарға кез келген корпоративтік іс-шараларға, қызметкерлердің көпшілік іс-шараларға қатысуына тыйым салынады.
Жұмыскерлердің жұмысқа кіруі кезінде қолды осы мақсаттарға арналған тері антисептиктерімен (оның ішінде орнатылған дозаторлардың көмегімен) немесе дезинфекциялау сулықтарымен өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді және осы гигиеналық процедураның сақталуын бақылауды белгілейді.
Жоқ болу себептерін анықтау арқылы жұмысқа шығуға күнделікті мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді. ЖРВИ, тұмау және басқа да вирустық ауруларға ерекше назар аударылады.
Қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен (халат, маска, қолғап) қамтамасыз етеді, маскаларды дұрыс пайдалану және кәдеге жарату арқылы олардың киілуін бақылайды.
Ауаны зарарсыздандыру (мүмкіндігінше) мақсатында медициналық мекемені (денсаулық сақтау пунктін) және адамдар жаппай жиналатын орындарды кварцтау режимін қамтамасыз етеді.
Медициналық мекемені қажетті медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен (термометрлермен, шпательдермен, маскалармен және т.б.) қамтамасыз етеді.
Медициналық мекеменің (денсаулық сақтау пунктінің) медицина қызметкерлерін ЖҚҚ-мен (қорғаныш дәрежесі жоғары маскалар немесе респираторлар (респиратор № 95 немесе ҒҒР2, ҒҒР3 станларты бойынша), қолғаптармен, көзілдірікпен немесе бетті қорғауға арналған экрандармен, таза, стерильді емес, ұзын жеңді суға төзімді халатпен (немесе суға төзімді бір рет қолданылатын костюм немесе суға төзімді комбинезон), резеңке етік немесе қонышы үзын резеңке бахилалар) және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етеді.
Үй-жайларда температуралық режимнің оңтайлы параметрлерінің сақталуын бақылайды, жұмыс үй-жайларын тұрақты, әрбір 2 сағат сайын желдетеді.
Жұмыскерлердің жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сқтауын: үнемі қолды сабынмен жуу немесе дәріханаға әрбір барғаннан кейін, жұмыс күні ішінде тері антисептиктерімен өңдеу режимін бақылайды және талап етеді.
Есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс беттерін (жұмыскерлердің үстелдері мен орындықтарын, ұйымдастыру техникасы), көпшілік пайдаланатын орындарды (тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, дәретхана бөлмелері, спортпен айналысуға арналған бөлмелер мен жабдықтар және т.б.) дезинфекциялауға назар аудара отырып, үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы сапалы жинауды, барлық үй-жайларды жиілігі 2 сағат сайын өңдеуді жүргізеді.
COVID-19 тудырған коронавирустық инфекцияға күдік анықталған кезде күдіктіні бөлек бөлмеге оқшаулайды, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық орган эпидемиологтарының келуін күтеді және олардың өкімдерін орындайды. Ауырған адамды эвакуациялағаннан кейін ҰСО филиалының күшімен қорытынды дезинфекциялау жүргізіледі.
 COVID-19 кезінде эпидемияға және алдын алуға қарсы іс-шаралар мәселелері бойынша барлық қызметкерлерді толық қамтумен нұсқама жүргізуді қамтамасыз етуді.
Тұрмыстық қатты қалдықтар жинайтын орын және оның аймағын таза ұстауды, уақытылы қалдықтарды шығарып отыруды қамтуды.
Объектіге іргелес аумақты тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдейді.
Өз қаражаты есебінен немесе эпидемиологиялық көрстеілімдер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары бойынша дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар жүргізеді.
Жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар персонал жұмысқа жіберілмейді.
Араларында кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтай отырып, 5 адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермейді, бір мезгілде қызмет көрсетілетін келушілердің санын шектейді.
Эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша күшейтілген дезинфекциялау режимін жүргізеді.
Үй-жайларды жүйелі түрде желдетеді.
Объектіге іргелес аумақ таза ұсталады.
Жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін жауапты қызметкерлерді бекітеді.
Қолды жуу және дезинфекциялау реті
Қымбат бұйымдарды шешіп қояды.
Қолды жылы сумен сулау (43 градус).
Қолды сабындап, 30 секунд бойы қарқынды үйкелеу.
Қолды мұқият жуу.
Қолды кептіреді.
Қажет болған жағдайда қолды жуғаннан кейін дереу дезинфекциялау керек.
Қайта ластануды болдырмау және гигиеналық емес заттарды ұстамау керек.
Қолда сағат, білезіктер және басқа да әшекейлердің болуына жол берілмейді.
Қолда инфекциялар, жарақаттар мен жаралар болмауы тиіс. Өйткені қолды жуу кезінде патогенді бактериялардың бұл көздері кетпейді.
Қолды қашан жуу және дезинфекциялау керек
Дененің жалаңаш бөліктерін ұстағаннан кейін.
Жөтелуден, түшкіруден кейін, қол орамалын немесе бір рет қолданылатын сулықты пайдаланғаннан кейін.
Лас жабдықпен немесе ыдыспен жұмыс істегеннен кейін.
Басшылықтың міндеттері
Персоналдың жеке гигиена қағидаларын орындауы үшін тиісті жағдайлар мен ресрустарды қамтамасыз ету.
Персоналды оқыту.
Жеке гигиена қағидаларын сақтаудың қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, персоналды ақпараттандыру.
Барлық персоналда ауру симптомдарының (диарея, қызба, құсу, сарғаю) болуын және жеке гигиенаның кез келген сақталмау жағдайларын үнемі бақылау.
Ауру симптомдары бар жұмыскерлерді жіберуді шектеу немесе жұмыстан шеттету.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
07 мамыр 2020 ж. 469 0