Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ауылдарда азық-түлік жеткілікті ме?

Ауылдарда азық-түлік жеткілікті ме?


Шүкір, ауданда эпидемиология ахуал жақсарып келеді. Бірақ елде төтенше жағдайдың ұзаруы экономикасы бір-біріне байланған облыстарда азық-түліктің бағасының қымбаттауына әкелді. Әсіресе адамдар көп тұтынатын тауарлардың бағасы құбылып тұрғаны жасырын емес. Сондықтан базар бағасын қайта бағамдап ауылдағы ағайын азық-түлікті қайдан жеткізіп отырғанын білдік.

Шыны керек, ауданда індеттің алғашқы ошағы пайда болып, карантин режимі енгізілгелі тұрғындар базар жағалап, сауда орындарының саудасын қыздыра түсті. Сұраныстың артқанын байқаған алыпсатарлар мейлінше мол пайда табуды ойлады. Сырттан қымбаттап келген тауардың өзіндік құнын ақтап, табыс табуды бірінші орынға қоятын саудагерлер де бағағаны қымбаттатты. Үкімет осыны түсініп, азық-түліктің 9 түріне шекті бағасын қойды. Сауда орындарын аралағанымызда халық нарықтың шарықтағанына наразы, алайда тиісті азық-түлік түрлері табылып тұрғанына да шүкіршілік ететінін көрдік.
Азық-түліктің қоры жеткілікті ме деген сұраққа аудандық ауыл­шаруа­шылығы бөлімінің статист маманы Дәулет Оразбеков жауап берді:
«Аудандағы сауда орындары мен дүкендерде күнделікті тұтынатын азық-түлік қоры жеткілікті. Әсіресе ұннан тапшылық көріп жатқан жоқпыз. Әрине бағаны барынша бақылауда ұстауға жұмыс жасаудамыз. Дегенмен өзге өңірлерден келетін тауардың бағасын біз реттей алмаймыз». 
Енді тауар бағасына назар аударсақ. Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопыбеков Сауда және интеграция министрі, Ауыл шаруашылығы министрі және Ұлттық экономика министрінің төтенше жағдай кезінде «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасын енгізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойғанын жеткізіп, негізсіз азық-түлік бағаларын қымбаттатпау керектігін айтты. Енді сауда орындары шекті бағаға бағынуы керек, егер тәртіпке бағынбаса 265 100 теңгеден 530 200 теңгеге дейін айыппұл арқалайтын болады.
Бұйрықта 9 түрлі азық-түлік тауарының бағасына шекті баға белгіленді. Бірінші сортты бидай ұнының 1 келісі – 154 теңгеге, нан (1 келілік) – 143 теңге (бірінші сортты ұннан жасалған 500 грамдық бидай наны – 71,5 теңге), макаронның (рожки) 1 келесі – 197 теңге (өлшеніп салынған барлық атаудағы рожки жатады) болып белгіленді. Қарақұмық жармасының 1 келесі – 294 теңге, күріштің 1 келісі – 251 теңге, сиыр етінің 1 келісі – 1760 теңге (сиыр етінің сүйекті жауырын – төс бөлігі жатады) сатылады. Сондай-ақ тауық жұмыртқасы (10 дана) – 286 теңге (1 санаттағы барлық жұмыртқа жатады), күнбағыс майының 1 литрі – 414 теңге (бөтелкедегі барлық түрдегі май жатады), ас тұзының 1 келісі – 47 теңге бағаланды.
Біз осы бағаны ұстап кенттегі сауда орындарын аралап көрдік. Әрине бұл бағамен сәйкес келе бермейді. Қарапайым жұмыртқаның өзі 30 теңгеден асып жығылады. Біз кенттегі бағаны алдағы уақытта зерделейтін боламыз, өйткені мұнда жаңақорғандықтарға жететін азық-түлікке әкімдік күнделікті бақылауда ұстап отыр. Дегенмен кәсіпкерлер тәртіпке толық бағынуда деп айту қисынсыз. Тіпті кейбір сауда үйі санитариялық шараларды мүлде ескерусіз қалдыруда. Ал аудан әкімі Сұлтан Мақашов осымен екінші мәрте ескерту жасағанын білеміз, енді айыппұл төлетеміз немесе мүлде жапқызып тастаймыз деген еді. Бұл мәселені кейіндеу қозғайтын боламыз, әзірге ауылдағы ағайынға бет бұрайық.
Өткен аптаның соңында «Nur Otаn» партиясының бақылаушы комиссиясымен ауылдардағы дүкен­дердің тыныс-тіршілігін тара­зылап қайтқан едік.
Яғни ауылдағы дүкен иелері азық-түлікке уақытылы қол жеткізе ала ма, баға шекті ме?
«Nur Otan» партиясы аудандық фи­лиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Серік Абдул­лаев, партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, партия жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес төрағасы Сермахан Оразгелдиев бастаған делегатция Ақүйік ауылдық округінен бастады. Олардың негізгі мақсаты мони­торинг жүргізу. Елді мекенге кіре берістегі посттан күтіп алған ауыл әкімі Әскер Мұсаев:
– Ауылда қазір төрт дүкен бар, егер күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлерінің бағасы негізсіз өсетін болса, бұл жағдай ауыл тұрғындарының қалтасына ауыр тиетінін білеміз. Алайда бағаның шарықтап өсу көріністері күн өткен сайын сезілуде. Біздегі дүкендер тәртіппен жұмыс жасауда. Жақында әлеуметтік дүкен ашылды. Мұның бізге көп көмегі тиді. Неге десеңіздер, өзге дүкендер туар бағасын қымбаттаса, өтпей қалатынын біліп отыр, – дейді ауыл әкімі.
Бақылаушы топ барлық дүкендегі бағаны бақылап шықты. Әрине баға кенттегі тауардың бағасымен сәйкес келмейді. Оның да себебі бар.
– Біз әр тауарға 5-10 теңге қоса­тынымыз рас. Өйткен жол шығыны бар, екіншіден, кентке кіре алмаймыз, ондағы сауда үйлері кентке кірес берістегі бекетке дейін жеткізіп береді. Такси тиыны бар дегендей ғой! Оның үстіне, шекті бағасы белгіленген арзан күрішті әкелсек, оны өткізе алмаймыз, – деп өкпесін жеткізді ауылдағы алып сатарлар.
Жөн-ақ біз кенттегі бағаны реттей алмай, ауылдағы ағайынға режігеніміз дұрыс емес-ау. Қазір тоқшылық заман. Сондықтан адамдар кез-келген тауарға талғаммен қарайды. Ал арзан тауарлар сөрелерде тұрып қалады. Ең қызығы, мұнда қарақұмықтың бағасы арзан. Сыр беткейдегі ауылдарға қарағанда тау беткейдегі ағайын егін шаруасына бейім емес, оған жер мен су мүмкіндік бермейді. Есесіне мал шаруашылығын ұстанған алты ауылдың тұрғындары ет пен тауық жұмыртқасынан тапшылық көрмейміз деп отыр.
– Қысыл-таяң уақытта елге де ауырт­палық түсірмеген жөн. Қазір саудагерлерге де оңай емес. Олар пайданы ғана емес, халықтың жағдайын да ойлауы тиіс. Бір анығы, бұл – уақытша болатын құбылыс. Бәрін сабырмен жеңеміз, – деді Мәжит Байқожаұлы.
Ақүйіктен кейін Манап, Талап және Бесарық ауылдық округіне бет алдық. Манап ауылдық округінде бір ғана дүкен бар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері ауыл тұрғындарына сервиздік қызмет ететін Гүлжан апаның айтары бар. Бұған дейін қажеттісін Түркістан қаласынан әкелген. Карантин басталғалы көрші облыс шекарасын жапты. Онда барып-қайту мүмкін емес. Жаңақорған кентіндегі сауда орындарынан халыққа қажетті тауар түрлерін алуда. Бірақ кентке де кіріп-шығу қиын екеніне шағымданды. Өзге елді мекендегі саудагерлер де осыны айтты.
Бұл сапарда түсінгеніміз бақылауда аудан орталығындағы сауда үйлеріне көбірек жүргізген жөн екен. Өйткені ауылы аралас, ағайын-жекжат бір-біріне келгенде бағаны қатты өсіре қоймас. Ал кенттегі ахуал басқа әңгіме. Үкімет басы да бағаны тұрақты етудің бастамаларын қатаң енгізе бастады. Мұны әкімдік жанынан құрылған мобильдік топ пен партияның бақылаушы комиссиясы бақылауға алатын болар.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
21 сәуір 2020 ж. 538 0