№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » 2020 жылы Рамазан айы қай күні басталады: Қазақстанның мүфтиі күнді жариялады

2020 жылы Рамазан айы қай күні басталады: Қазақстанның мүфтиі күнді жариялады

ҚМДБ қасиетті Рамазан айының басталу күнін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Онлайн-брифингте ҚМДБ бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан діни басқармасымен ақылдаса отырып, қасиетті Рамазан айы 24 сәуірде басталатынын мәлімдеді.
"Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарды ауызашар жасап, қонақ шақырмауды сұраймын және де көпшілік жиналатын мейрамханаларға барудың да қажеті жоқ. Ал, тарауих намазына келер болсақ, оны үйде оқуға кеңес беремін. Бұл сынақтан өткеннен кейін, жамағат болып мешітке оралып, намазды бірге оқитынымызға кәміл сенемін", - деп қосты бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Сөз соңында мүфти еліміздегі православтықтарды келе жатқан "Пасха" мейрамымен құттықтады.
14 сәуір 2020 ж. 855 0