Ауданда тағы 9 азамат коронавирус індетін жұқтырған
Дабыл! Құрметті жаңақорғандықтар!
2020 жылдың 31 наурыз сағат 14.00-дегі хабарламасы бойынша, Қызылорда облысында COVID-19 вирусын жұқтырған тағы 9 адам тіркелді. Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Абдусаметов Жақсылық Әбілқасымұлы "Qyzylorda" телеарнасында берген сұқбатында хабарлады.

Еске сала кетейік, 31.03.2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында шектеу шаралары енгізіліп, карантин жарияланды. Бұл бағытта, облыстың бас санитарының №4 Қаулысы жарық көрді.Ал бұл жөнінде ресми органдардың ақпаратын қосымша тағы да беретін боламыз.
Аудан тұрғындары! Карантин жариялануына байланысты енді барынша сақтық шараларын ұстанып,#ҮйдеБол қағидасын ұстаныңыздар. Барынша сабырлылық сақтап, дүрбелеңге жол бермей, денсаулық үшін шаңырақта отырып күресетін кез келді!