№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Құжат онлайн қабылданады

Құжат онлайн қабылданады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай жариялағаны белгілі. Осыған байланысты мемлекеттік мекеме қызметкерлері қашықтықтан жұмыс жасауға көшті. Тұрғындарды «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке құжатты қалай тапсырамыз?» деген сауал мазалайды. Бұл сұрақтың жауабын Жұмыспен қамту орталығының басшысы Жаңабек Тұрлыбековтен білдік.
– Егер өтініш беруші отбасы 2020 жылдың I-тоқсанында (қаңтар, ақпан, наурыз) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болса, оның отбасы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау критерийлеріне сәйкес келсе, тікелей байланысты болдырмау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек жаңа кезеңге өтінішсіз тағайындалады, – деді мекеме басшысы.
Ал жаңадан өтініш беруші отбасы ауылдық округ әкімдігіне және жұмыспен қамту орталығына бармай-ақ, электрондық үкімет порталындағы «Электрондық өтініш» сервисі арқылы өтініш бере алады. Өтінішті ұялы телефон (смартфон) арқылы да беруге болады. Отбасының атаулы әлеуметтік көмек тағайындау критерийлеріне сәйкестігін анықтау үшін халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жіберу арқылы келесі мәліметтерді айқындайды:
1) тұрғылықты жері бойынша тіркелу;
2) жылжымайтын мүліктің болуы;
3) көліктің болуы;
4) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы;
5) алимент алу фактілері;
6) кіріс мөлшері.
Анықталған қорытынды нәтижесі өтініш берушіге байланыс құралдары арқылы хабарланады. Сондықтан атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасыларын төтенше жағдай кезінде үйден шықпай онлайн қызмет түрлерін қолдануға болады.
– Қазір орталық қызметкерлері қашық­тықтан қызмет көрсетеді. Егер электрондық үкімет порталындағы сервизтер түсініксіз болып жатса, сектор меңгеруші Бейбіт Балабековтің 87019837273 ұялы теле­фон нөміріне және консультант Үміт Балтабаеваның 87079464841 нөміріне хабарласуға болады, – деді директор.

Дайындаған Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
01 сәуір 2020 ж. 483 0