№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Тізімі жасалды": Әкімдік 21 мың теңге алған отбасыларды сотқа беруі мүмкін

"Тізімі жасалды": Әкімдік 21 мың теңге алған отбасыларды сотқа беруі мүмкін



Астанада табысын жасырып, мемлекеттен әлеуметтік көмек алған отбасылар анықталды. Елорда әкімдігі атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған отбасыларды сотқа беруі мүмкін. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина айтты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұрғожинаның айтуынша, бірінші сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген 1118 отбасының өтініші мақұлданбаған.
"Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаған кезде, отбасының тұрмыстық жағдайы тексеріледі. Әкімдік аппараты жанындағы учаскелік комиссиялар әрбір үйге барып, барлығын тексеріп шықты. Нәтижесінде 1118 отбасының өтініші мақұлданбады. Бірақ, коттедж, зәулім сарайларда тұрып, әлеуметтік көмек алғандар жоқ", - дейді басқарма басшысы қалалық мәслихаттың отырысында.
Алайда, оның айтуынша, табысын жасырып, мемлекеттен көмек алған отбасылар бар екен. Олардың арасында жеке кәсіпкерлер, әскерилер де бар.
"Біз инвентаризация жүргіздік. Әлеуметтік көмек алуға өтініш берген кезде, табысын жасырған отбасыларды анықтадық. Яғни, жұмыс беруші табысты дұрыс көрсетпеген. Төлемді келесі тоқсанда жасаған. Қазір олардың тізімі жасалды. Еңбек инспекциясымен бірлесіп, әрбір отбасымен жеке-жеке жұмыс істейміз", - дейді ол.
Әкімдік ақшаны бюджетке өз еркімен қайтармаған отбасыларды сотқа беруі мүмкін.
"Бірінші, отбасыға ақшаны өз еркімен бюджетке қайтару туралы хабарлама жібереміз. Егер, олар қайтармаса, материалдарды сот органдарына тапсырамыз", - деді Нұрғожина.
Қазір, басқарманың мәліметінше, елордада 5 669 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға сәйкес, отбасы табысын растауы тиіс. Кіріс отбасының әр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процентінен аспауы керек.
Айта кететіні, Қызылорда облысы бойынша атаулы әлеуметтік көмекті ең көп алған Жаңақорған ауданы. Аудандық жұмыспен қамту орталығы атаулы көмек алғандарды қайта саралайтыны белгілі болды. Бұл жөнінде алдағы уақытта толық ақпарат беретін боламыз. 


16 тамыз 2019 ж. 1 162 0