Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТ БӨЛІМІ»

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТ БӨЛІМІ»


                

Сыр өңірінде спорттың серпінді дамуында Жаңақорған ауданының орны айрықша. Жаңақорғандық спортшылар байрақты бәсекелерде ел намысын абыройлы қорғап, аудан атын әлемге танытуда. Әсіресе, күрес түрлері мен ұлттық ат спорты бойынша бәсіміз биік. Футбол, волейбол, баскетболдан да жетістігіміз көп. Әрине, мұндай жемісті жетістіктердің артында ауданның спорт саласы мамандары мен бапкерлері қауымының ерелі еңбегі бар. Осы тұста, жыл он екі ай бойы аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысының үздік спорт бөлімдері анықталды. Нәтижесінде, Махмут Рахымжанов басшылық ететін Жаңақорған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі өңірде ІІ-орынды иеленді. Бірінші орында Қызылорда қаласы болса, үздік үштікті Шиелі ауданы түйіндеп тұр. 
                                                                                           Самат Әбдіш  
30 желтоқсан 2018 ж. 1 760 0