№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Шығармашыл жанның сыршыл әлемі

Шығармашыл жанның сыршыл әлемі

Баланың жан-жақты дамып тұлға болып қалыптасуында білім және білікпен қатар шыдамдылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеуде эстетикалық таным – талаптың мәні зор. Ал, бейнелеу өнерінің осындай тәрбие беру жүйесінде алатын орны ерекше.

Бүгінгі әңгімеміз жас жеткіншектерді осы өнерге баулып жүрген аудандық мәдени-тәрбие орталығының мұғалімі Ербол Пернебаев жайлы болмақ. Оның бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы мектеп қабырғасынан басталыпты, Қалдыбай Қошқарбаев пен Нығмет Есіркеповтен көп өнеге алғанын айтады.
Бойындағы осындай қызығушылықты ұстаздық тәліммен ұштастыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «Бейнелеу өнері мен сызу» факультетінде білімін шыңдайды. Сөйтіп осы мамандық бойынша қазіргі таңда аудандық балалар мен мәдени тәрбиелік жұмыстар орталығында «Сиқырлы бояулар» үйірмесіне жетекшілік етеді. 
Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы мен шығармашылық ізденісін арттырып, табиғаттың сұлулығын сезінуге деген құштарлығын оята білген білікті маман осы бағытта үнемі жаңашылдыққа ұмтылып келеді. 
Ол балаларға сурет салудың қыр-сырымен қатар, түрлі ғимараттардың макетін жасауды үйретіп жүр. 
– 2016 жылдан бастап балаларға түрлі құрылыстың макетін жасауды үйретуді қолға алдым. Алғашқы шығармашылық жұмысым Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болды. Рухани маңызы бар ғимаратты жасау мен үшін оңай болған жоқ, 5-6 айға жуық уақытта жасап шықтым, – дейді ол. 
Шыдамдылықты талап ететін ерекше өнер иесінің бүгінде шәкірттерімен бірге жасаған дүниелері де баршылық екен. Ондағы мақсаты – техника-технологияның дамыған заманында тек қана сол бағытқа бет бұрмай, балалардың бойына рухани-мәдени құндылықтарды осы өнер арқылы сіңіріп, олардың бос уақытын тиімді пайдалануға құштарлығын арттыру. 
Осындай еңбегімен көзге түсе бастаған жас ұстаз 2018 жылы Қызылорда қаласында өтетін «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың дәстүрін сақтаймыз және дамытамыз» атты шеберлер сайысына шақырту алып, шәкірттерімен бірге ауыл өмірінің болашақтағы көрінісін кішкене ғана макетке сыйдырып, оған «Болашақ ауылдың көркеюі» деген атау берді. Әрине ол өз қиялынан туған дүние. Шығармашыл жанның еңбегі еленіп, сайыста «Ұлттық калориті бар интервердің ерекше дизайн – жобасы» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Сонымен қатар І Республикалық «ҰЛЫ ДАЛА ЖАСТАРЫНЫҢ ЖЕТІ СЫЙЫ» атты онлайн байқауына шәкірт дайындап, оқушының бойындағы шығармашылық қасиетін дамытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталғанын да айта кеткен жөн. 
– Әрбір оқушы бұл өнерді меңгере алмайды. Қыз балалар жағы сурет салып, құм анимациясымен жұмыс жасауға қызығады. Осы шәкірттерімнің жұмысының нәтижесін көру маған шабыт сыйлайды. Өткен оқу жылында оқушым Дәулет Мұхамедәлімен бірге Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінің макетін жасадық. Оның ерекшелігі азан айтатын құрылғымен жабдықталған, оны үш ай уақытта жасадық, алдағы уақытта кенттегі бір мектептің макетін жасауды жоспарлап жүрмін, – дейді Ербол Болатұлы.
Бүгінде айбары асқақтаған тәуелсіз еліміздегі тұғырлы дүниелерді тудырып жүрген талантты тұлғалар кешегі күні осындай тәлім ұяларынан қанат байлап ұшып шыққан өрендер екенін ескерсек, Ерболдың шәкірттерінің де болашақ биік белестерді бағындырар, ел мақтанышына айналарына сеніміміз мол. Сондықтан жаны жайсаң жас ұстаздың өнерлі өрендер тәрбиелеудегі жанашыр еңбегі ақтала берсін деген ізгі тілектеміз.

Майра Ғаниева
05 қазан 2019 ж. 822 0