№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СМАРТФОН ЗИЯНЫ

СМАРТФОН ЗИЯНЫ

2011 жылы Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымы ұялы телефонын пайдалану адам денсаулығына зиян­­сыз деген пәтуа айтқан еді. Қа­­зір бұл ұйым жоғарыдағы айт­қан сөзінен айнуға мәжбүр болып отыр. Өйткені, соңғы кезде қо­ғам өміріне дендеп енген «ақыл­ды» телефондардың адам денсау­лы­ғына, соның ішінде балаларға зия­ны туралы педиатр-дәрігерлер да­был қағуда.
ДДС ұйымының дерегіне сүйенсек, жылына 5 миллион бала телефонға телміріп, сезімі семіп, ақылы милығып қалудың салдарынан көз жұмады дей­ді. Аталмыш ұйымның дерегі бо­йынша қазір үлкендердің – 23, жет­кін­шектердің 80 пайызы өз өмірін смартфонсыз елес­тете алмайды.
Ата-ана баланың тыныштығы үшін қолына телефон ұстата салады. Те­лефонға тәуелділік есірт­кі сияқ­ты түрлі психотроптық зат­­тарға тәуел­діліктен де қауіпті дейді пси­­холог ма­мандар.  Олардың топшылауынша смартфон баланың көз жанарын әлсіретеді, жүрек және мидың қалыпты қызметін бұзады. Яғни телефон зарары ересек адамдарға қара­ғанда балаларға 10 есе қауіпті. Себебі жас организмнің сыртқы әсер­ден қор­ғану қуат-қабаты әлсіз.
Хирург-офтальмолог Снежана Пан­­ченко, смартфонды көп пайдаланған жағ­дайда мидың сыртын қаптап тұр­ған сүйек қызметі бұзылады десе, аус­триялық ғалымдар гаджеттердің кесі­рінен адамның басына үш сантиметр тағы бір қосымша сүйек өсіп шы­ғаты­нын анықтаған.
Оның сыртында, телефон қолдану барысында бөлінетін электрлі магнитті сәуле жиілігі адамның жүйке жүйесіне салмақ түсіріп, әсіресе  ми қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады екен. Мұндай процестің орын алуын шведтік ғалым Леннарт Харделлдің (Lennart Hardell) бас­тамасымен жүргізілген зерт­теу нәтижесі дәлелдеп отыр.
– Бұл үрдіс балалар үшін тым қауіп­ті, – дейді швед ғалымы: «Өйт­кені, өсіп келе жатқан сәби орга­низ­мінде зат алмасу процесі үздіксіз жүр­гізілетіндіктен магниттік сәуленің ке­­сірі мидың қызметін тоқыратып, дене қозғалысының шамадан тыс шек­те­луіне және көз жанарының әлсі­реуіне  әке­луі анық» депті. 
Англияның Оксфорд универси­тетінің ғалымдары 10 жылдан артық уақыт телефон қолданып жүрген 50 жас­тағы әйелдер арасында зерттеу жүр­гізген екен, телефон қолданбайтын қатар­ластарына қарағанда бұлардың есту қабілеті 2,5 есе төмендегені бай­қалған. Сонымен қатар магниттік сәу­ле аяғы ауыр әйел үшін аса зиянды еке­ні айтылуда.
Туындап отырған келесі мәселе смарт­фонның салдарынан мектеп жасындағы балалар мен студенттердің  оқу үлгерімі төмендеуде. Осыдан сақ­тау үшін Жапония­ның Айчи (Aichi) про­винциясының орта­лығы – Кария  (Kariya) қаласында кешкі сағат 21.00-ден кейін оқушыларға смартфон пайдалануға тыйым салынса, АҚШ-тың  Нью-Йорк мэрі көпшілік қалауымен мектеп ауласында смартфон қолдануға тыйым салу жайлы шешім қабылдады. Бұл үрдісті Вирджиния, Мэриленд сияқ­ты елдегі үлкен қалалар да қолдап отыр. 
Бір қызығы, айфонның атасы Стив Джобс өзінің отбасы мүшелеріне үй ішінде смартфон қолдануға тыйым салып, бос уақыттарын кітап оқу­ға жұм­сайтын қатаң үрдіс қалып­тас­тырса, дүниежүзілік технология маг­­наты Билл Гейтс ағылшынның «THE MIRROR» басылымына берген сұхбатында, балаларына 14 жасқа жеткенге дейін телефон ұстатпайтынын айтқан. Оның сыртында, телефон пайдалану уақытын шектен асырмауды қатаң қадағалайды екен.
«Флурри» зерттеу орталығы анық­таған мәліметке сенсек, әрбір амери­калық күніне 5 сағатын телефон шұқы­лаумен өткізеді екен. Біздің де бұдан асып кетпесек, қалысатын түрі­міз бай­қалмайды.
Әйгілі британдық әлеуметтанушы Энтони Гидденс: «Біздің қоғам наша­қорлар мен маскүнемдерден қашатын. Олар­ды ұнатпайтын. Болашақта смарт­фонның зияны бұл екеуінен де асып түсерін адамзат әлі сезіне алған жоқ», депті. Демек, болашақта адам баласы «Смартфонмен күресте» жеңе ме, жеңіле ме деген сұрақ тұр.
31 қаңтар 2020 ж. 866 0