ҒАЛАМДЫҚ ЖЫЛЫНУ: ҚАУІПІ ҚАНДАЙ?
Биылғы көктем бұрынғы көктемнен өзгеше. Боранын алып, ақырап келетін ақпанның биылғы қаһары бұрынғыдай емес, жылынып барады.
Климатологтардың айтуынша, биылғы ақпан бұрынғы ақпандарға қарағанда әлдеқайда жылы. Бұл да ғаламдық жылынудың бір көрінісі, деп хабарлайды Climate Change Service сайты. Мамандардың сөзіне сенсек, ақпанда тіркелген Еуропа құрлығы, Сібір мен Орталық Азия, Батыс Антарктида аймағындағы температура, жылдағыдай емес, жылы. Орташа температурадан жоғары. Еуропада мұндай жылы қыс болған емес. 2019 жылдың желтоқсаны мен 2020 жылдың ақпан айындағы температура 2015-2016 жылы болған қыстан 1,4 Цельций градус жылы. Ал Антарктидада биыл ең жылы температура тіркеліп отыр. Жаңа рекордтың «жылымығы» 20,75 Цельций градусқа тең. 9 ақпан күні Бразилия ғалымдары өлшеген температура бәрінен асып түсті. Сеймур аралындағы термометр 20,75 °С градусты көрсетіп, тарихта тұңғыш рет Антарктидадағы жоғары температураны анықтады. Осыған ұқсас температура 1982 жылы Синьи аралында да тіркелген көрінеді. Ол кезде температура 19,8 градусқа жеткен еді. Ал Сеймурдағы температура одан 1 градусқа жоғары.