№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Татулығы берік Төменарық

Татулығы берік Төменарық


Қанатының астына түрлі диаспораларды жиып, ұрпақ ынтымақтастығын сақтап, бірлік пен бейбітшілікті мәңгі мұрат еткен ел көктемнің алғашқы күнін маңызды мерекемен бастады. Биыл Қазақстан халқы «Ассамблеясының 25 жылдық» мерейтойымен тұспа-тұс келген «Алғыс айту» күні 8 түрлі ұлт өкілдерімен мамыражай күн кешіп отырған Төменарық ауылдық округінде өтті.


Кәріс, шешен, орыс, түрік, неміс, өзбек, татар, беларус өкілі тұратын Төменарыққа аудан әкімі Сұлтан Мақашов арнайы барды. Келген меймандарға Төменарық ауылдық округінің ардагері Темірбек Құтжанов әр ұлт өкілдерінің тұрмысын, тіршілігін және кәсібін таныстырды.
Мерекелік шара ауылдық клуб үйінің көрермен залында жалғасты.
– Ұлт татулығы – Тәуелсізігіміздің басты байлығы. Сондықтан ел тыныштығы, халықтың әлеуеті мемлекеттің тірегі. Ұлы даламыздың тұтастығын сақтап, береке-бірлікті нығайта отырып, биіктерді бағындырып, диаспоралардың татулығы мен тұрақтылығы дамудың өркенді жолының бірі. Әрдайым осыны басшылыққа алу маңызды, – деп тілегін жеткізген Сұлтан Мақашов марапат мінберінде ауданда әр салада озық шыққан тұлғаларды марапаттады. Олардың қатарында Мейірбек Құдайбергенов, Рахманберді Сабырұлы, Мария Пумпуриди, Валентина Немцова, Абусаттар Садықов, Апираил Ашрапов, Сламхан Боранбаев, Клара Егай, Гүлімай Мұқаш, Құнанбай Салыбеков, Дінмұхаммед Абайханұлы, Дархан Әбдіманапұлы болды.
Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының әзірлеген музыкалық қойылыммен жалғасын тапты. Жас әнші Балауса Сахан әлем жұлдызы Кристина Соловейдің «Тримай» әнін салғанда елдің қошеметі ерекше білінді. Кең диапозонды дауысты әнші Олжас Ормаханов қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін әуелеткенде көрермен зор әсерге бөленді. Әбдіқадыр Әбдурашитов тамылжытқан ұйғырдың «Ұйғыр деген моншундақ» деген әні, Кенже Әкімбаева орындаған өзбектің «Дүние» әні жүрек қылын тербетті. Орыс халқының «Коробейники» әнін қос дауыста орындап шыққан Ескендір Ералы мен Сарман Дамир тыңдарманды тік тұрғызды. Шағын ғана кеште бір қуанып, бір жұбанып, ұлттық өнерге сусындадық.
– Бір халық – бір ел – бір тағдыр байланыстырған Қазақстандағы диас­поралар «Мәңгілік елдің» ұйытқысы, тірегі болуы тиіс. Біз жұмысымызды осы бағытта құрып, қызмет етіп келеміз. Төменарық ауылындағы өзге ұлт өкілдері осының жауапкершілігін жақсы түсінеді деген ойдамын, – деді ауыл әкімі Нүркен Қошқарбеков.
Кеш соңында Төменарық ауылының этнос өкілдері атынан Апираил Шахманбекұлы, Валентина Петровна және Клара Егай қазақ ұлтына, ел басшыларына және ауылдастарына алғаусыз алғысын жеткізді.

Мақпал МАРҚАБАЙ
03 наурыз 2020 ж. 502 0