Мектеп директорларымен кездесу өткізілді
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязов, аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Б. Мырзахметов және департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қызылорда қаласында орналасқан орта білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында департамент басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязов–білім беру жүйесінде сыйлас жемқорлық әрекеттерінің белең алуына жол бермей, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруды және заң шеңберінде өз міндеттерін адал атқаруға шақырды.
Сонымен бірге,ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына енгізілген өзгерістер туралы хабарлама жасап, білім саласында орын алған қылмыстық құқықбұзушылық бойыншажиналысқа қатысушыларымен ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200 – бабына сәйкес жолданған ұсынысты талқылады.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, арнайы бейнероликтер көрсетілді.