№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Президент бейбіт жиындар жайында өз пікірін айтты

Президент бейбіт жиындар жайында өз пікірін айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам талқылауына түскен бейбіт жиындар өткізу тәртібі туралы заң жобасына пікір білдірді. Оны Kyzylorda-news.kz. сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы" хабарлайды. 
«Жолдауымда айтқанымдай, бейбіт жиындар өткізу азаматтарымыздың Конституциямен кепілдік берілген құқығы және жергілікті билік бөлген, бұған қоса қаладан тысқары емес жерлерде өткізе алады. Конституциялық құрылымды бұзуға бағытталған кез келген ұмтылыс, сонымен қатар экстремистік зорлық-зомбылық көріністері заңнамаға сәйкес тоқтатылатын болады. Бұл еліміздің азаматтарының басым бөлігінің мүддесі үшін жасалады. Бұған қоса, бейбіт жиындарды өткізудің тек хабарландыру тәртібін енгізу түбегейлі маңызды деп санаймын», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, ұйымдастырушылар билікке жиынға қатысушылардың жоспарланып отырған санын хабарлауы тиіс. Бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барынша маңызды.
«Сол арқылы ұйымдастырушылар да, жергілікті билік те қоғамдық тәртіпті сақтауға екіжақты жауапты болады. Дегемен, үкіметтік заң жобасындағы бейбіт жиындарға қатысушылардың санын 250 адам деп шектеу енгізу жөнсіз деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
29 ақпан 2020 ж. 542 0