№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Волонтер жылы – науқан емес"

"Волонтер жылы – науқан емес"


– Еріктілердің республикалық форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда жер бетінде 1 млрд адам волонтерлікпен айналысатынын айта келе, Қазақстанда 16 мың адам волонтер екенін тілге тиек етті. Мұны 100 мың адамға жеткізуге болатынын айтты. Алқалы басқосуда көптеген елде ерікті болу қалыпты жағдай және бұл үлкен құрмет екені сөз болды. Мәселен, Франция елінің жартысы волонтер атанған. Ал Германияда халықтың 34 пайызы айына 15 сағатын ерікті болуға арнайды екен. Ирландияда 33, АҚШ-та 27, Ресей халқының 8 пайызы волонтер болумен айналысатыны белгілі болды. Ең бастысы Президент волонтер жылы – кезекті науқан еместігін айрықша атап өтті. Халыққа осыны түсіндіру керектігін жеткізді. Себебі, еріктілік – ел үшін, қоғам үшін аса қажет адал қызмет.
Расында волонтерлік деген ұғымды қабылдай бермейтін біздің қазекең еріктіліктің нағыз үлгісін бағзы заманнан көрсетіп келеді. Мәселен, бір-біріне қол ұшын созу, кез келгенді құдайы қонақ деп қабылдайтын, асарлатып кілем тоқып, киіз басатыны, үй тұрғызатыны, оқыс оқиға орын алса, жылу жинау қазақтың қанына сіңген қасиет. Оған қоса, «қайырымдылық үнсіздікті ұнатады» дейтін ұстанымдағы оғландар көп. Ақысыз, ерікті түрде жасаған жақсылығын барынша жасыруға тырысады. Мұндай қамқорлықты волонтерлік деп есептемейді. Алайда заманның көшіне еріп, талғамына сай түрленіп, осындай еріктілік жұмыс волонтерлік деген атауға ие болды. Негізі волонтер болу – әрбір жомарт жүректі жанның қолынан келетін іс. Бұл бағытта «Жаңарған Жаңақорған жастары» еріктілер тобының жұмысы Сыр өңіріне үлгі боларлық іс деп білеміз. Қоғамдық қордың құрамында 100-ден аса жаңақорғандық жас бар. Ерікті жастардың негізгі ниеті – ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосу. Оған қоса, өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің саны жыл санап артып келеді.
Бір қуанарлығы, бүгінде Жаңақорғанда еріктілік ұғымы кең тарап келеді. Мәселен, біздің қоғамдық қорға қарасты «Qamqor» әлеуметтік дүкеннің ұйытқы болуымен ерікті түрде түрлі шеберлік сабақтары өтуде. Ақысыз. Бұған дейін тігін тігу, тәтті пісіру бағытында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасы аналарына шеберлік сағаты өтті. Сертификат үлестірілді. Қаншама жас аналар өмірлік бұйым болар кәсіпті тегін үйренді. Енді міне, жақында ғана «Ақбөпе Кеңес» сән салонының шаштаразы, ерікті топтың мүшесі Асылжан Нұрқожаев айына 1 күн тұрмысы төмен, көп балалы отбасыдан шыққан балалардың шашын ақысыз қысқартуды бастап кетті. Бүгінгі дейін екі айда елуге жуық баланың шашын қысқартты. Жақсылық жұғысты келеді екен. Оны көрген әріптесі, «Ең сұлу» салонының шаш қысқарту шебері Ұлболсын есімді қарындасымыз күні кеше қайырымдылық эстафетасын жалғастырып, бір күн бойы балалардың шашын тегін қысқартып берді. Егер осындай еріктілердің саны бұдан да көп болса ше? Онда қоғам ізгілене түседі. Әрбір адам өз саласында ең кемі айына бір мәрте ерікті түрде ақысыз қызмет көрсетсе немесе өзге де қоғамға пайдасы тиетін іспен айналысса қандай тамаша. Риясыз елге қызмет етуді бастаған жаңақорғандық волонтерлардың болашағы баянды деп білеміз. Қысқасы, волонтер болуға – құжат емес, шын ықылас пен туған өлкеге деген шынайы сүйіспеншілік болса болғаны.

Еркінбек АЙНАҚОЖАЕВ,
«Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының төрағасы, ерікті жастар жетекшісі:
22 ақпан 2020 ж. 731 0