№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Ең бастысы – қоғамға пайдалы іс тындыру"

"Ең бастысы – қоғамға пайдалы іс тындыру"


– Біріншіден, Жастар жылының жалғасы ретінде Волонтер жылының бастау алуы барша еріктілерге берекелі жыл болсын! Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу салтанатында Мемлекет басшысы волонтерлік халқымыздың өмір салтына айналуы тиіс деген пәрмен берді. Ақиқатында, сүрінгенді сүйеу, жығылғанды демеу, қиналғанға қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанға сіңген қасиет. Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаев:
– Адамдарға жақсылық жасау – ерте заманнан бүгінге дейін жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Соның бір ғана мысалы – халқымызда елді береке-бірлікке шақыратын Асар дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз. Ал волонтерлік қызметің де басты мақсаты – бірге жұмылып, халыққа пайдалы қызмет ету. Сондықтанда Отанға деген махаббат үлкен ұрандар мен бос декларациялар емес, бұл – күнделікті еңбек, соның ішінде халықтың игілігі үшін шынайы атқарылатын қайырымды істер, – деп қадап айтты.
Сондай-ақ алқалы басқосуда еріктілер жылы атқарылатын жалпы ұлттық 7 жоба таныстырылды. Бірінші, «Сабақтастық» жобасы аясында балалар үйінің тәрбиеленушілерін өз қамқорлықтарына ала алады. Бізде балалар үйі жоқ. Дегенмен баламалы түрде бұл бағытта мүмкіндігі шектеулі ерекше жандармен жұмыстарды жандандыратын боламыз. Екінші, «Саулық» бағыты бойынша медициналық волонтерлік қызметті дамытып, түрлі аурулардың алдын алу бағытындағы түсіндірме жұмыстары және тегін қоғамдық орындарда медициналық кеңес беру шаралары өткізіледі. Үшінші, «Таза әлем» жобасы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Бұл біздің аудан үшін ең өзекті саланың бірі. Аудан әкімі тазалық мәселесін күн тәртібіне қойып, шешу тетіктерін айқындап берді. Бүгінде өздеріңізге белгілі, аудан орталығын қос бірдей тазалық мекемелері күнбе-күн тазалауда. Алдағы уақытта бұл бағытта ерікті жастарды ұйымдастырып, ауданның тазалығы мен көгалдануына үлес қосатын боламыз. Төртінші, «Асыл мұра» бағыты еріктілерді материалдық және рухани мәдени-тарихи мұраларды сақтау жұмыстарына тартуды көздейді. Өңірде мұндай тарихи-мәдени мекендер көп. Сондықтан көнеден қалған ескерткіштерді күтіп-баптау бағытында да жұмыстар қолға алынса игі. Бесінші, «Қамқор» бастамасы қарттар үйіндегі еріктілер жұмысын қамтамасыз етпек. Алтыншы, «Білім» жобасы ауыл мектептеріндегі жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау жұмыстарына, ағылшын тілін үйретіп, компьютерлік сауаттылықты жетілдіруге көмектеседі. Шынында, бұл өте маңызды жоба. Өйткені бәсекеге қабілетті ұлт болып қалыптасу үшін – білімнің орны бірінші орында. Соңғысы, «Үміт» жобасы бойынша еріктілер Жеңістің 75 жылдығы аясында отандастардың ерлігін баяндайтын құжаттарды және өзге де өз өңірлерінде хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіруге атсалысатын болады. Осы 7 бағытты басты назарға алып жұмыс істейтін боламыз.
Негізі Волонтер жылына орай 14 қаңтарда Қызылорда облысының азаматтық қоғамы және жастардың бастамасымен облыстық еріктілер штабы жасақталып, құрамы бекітілген болатын. Бұл басқосуға өзім де қатыстым. Мұнда өңірдегі еріктілердің жұмысын дамытуға бағытталған ұсыныс-пікірлер жинақталып, ортаға салынды. Алдағы атқарылатын жұмыстары нақтыланды. Енді штабқа тіркелген еріктілер оқыту курстарынан, ерікті болудың жолдары жайлы арнайы сабақтардан өтеді. Алқалы басқосуда көпшіліктің қолдауымен Қызылорда облысы еріктілер штабының жетекшісі болып Ольга Чебакова сайланды. Ол 2016 жылдан бастап «Қызылорда волонтерлары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Сәтін салса, біздің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің де атаулы жылға орай жоспарлаған жаңа идеялары көп. Республика тарапынан жыл бойы атқарылатын негізгі нұсқаулық келмесе де аталмыш ұлттық 7 жоба бойынша бүгіннен бастап жұмысымызды жүргізе береміз.

Наурызбай ОРЫНБАСАРОВ,
аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры:

22 ақпан 2020 ж. 842 0