№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өткен жылы шиелілік 24 кәсіпкер құқығын қорғауды сұраған

Өткен жылы шиелілік 24 кәсіпкер құқығын қорғауды сұраған


Кәсіпкерлер палатасының кездесуі Шиелі ауданында жалғасты. Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ілиясов, бөлім бастығы Ғаухар Елеусінова, аудандық филиал директоры Марлен Нұртазаев шиелілік кәсіп иелеріне Палатаның атқарған жұмысы туралы қысқаша ақпарат беріп, олардың проблемаларын тыңдады.

Жеке балабақша иелері өткен жылдан бері күшіне енген баланы 6 жастан мектепке беру тәртібінен кейін жаңа проблеманың шеті шығып тұрғанын жеткізді. Мемлекет тарапынан субсидия бұрын балабақшадағы 3-6 жас аралығындағы балаға берілсе, қазір 3-5 жас аралығындағы балаларға беріліп жатыр екен. Балабақша иелері қазір аналар ерте жұмысқа шығып кетуіне орай, балаларын балабақшаға 2 жастан беретінін, осыған сәйкес мемлекет тарапынан берілетін субсидия да осы 2 жастан бастап берілсе деген ұсыныстарын жеткізді. Ал мектепте балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуші кәсіпкерлер мектеп ішінде жалға алынатын орын үшін 12 ай үзіліссіз, мереке, өзге де демалыс күндері үшін де ақша төлейтіндіктерін айтып, осы жағынан құқықтық қолдау көрсетуді сұрады.
Кездесу барысында кәсіппен айналысатын жалғызбасты аналар несие, жер телімін алу, салық төлеу барысында жеңілдіктер жасалса деген тілектерін де жеткізді. Мұнан өзге, шара барысында кәсіпкерлер «Бастау» жобасына, мемлекеттен кәсіпкерлік мақсатта беріліп жатқан қайтарымсыз қаржыға қатысты сауалдарына Палата мамандарынан тиісті жауаптарын алды.
Айта кету керек, Шиеліде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4488. Палатаның аудандық филиалына аудандағы 24 бизнес өкілінен құқығын қорғауды сұраған өтініш түсіп, әр өтінішке сәйкес жұмыс жасалған. Сондай-ақ, аудандық филиалдағы кеңесшілермен өткен жылы кәсіппен айналысуға ниетті 1120 адамға 1900 кеңес беріліп, 550 қызмет көрсетілген. 464 шиелілік азамат «Бастау» жобасы, 140 адам «Бизнес-кеңесші» оқу курсы бойынша оқып, арнайы сертификаттарға ие болды. «Бастаулықтардың» арасында 141 азаматтың жобасы 55,5 млн.теңге қайтарымсыз қаржыға ие болды.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
30 қаңтар 2020 ж. 612 0