Мүгедектікке берілетін жәрдемақыны СМС арқылы рәсімдеуге болады
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарға қандай да бір мемлекеттік органдарға жүгінбестен SMS арқылы тағы екі қызметті алуды ұсынады.
Атап айтқанда, мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау туралы, сондай-ақ мүгедектік жағдайындағы әлеуметтік төлемдер туралы сөз қозғалып отыр.Мұндай формат қазақстандықтарға еліміздің кез келген жерінен және кез келген уақытта қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу және 3 күн ішінде алғашқы хабарламаға жауап беру қажет. Бұл ретте азаматарға қызмет алу үшін мемлекеттік органдарға жүгіну қажет емес. Процеске мемлекет бастамашылық етеді.
Менің ойымша, қазір біздің қызметімізді осындай форматқа көшіру керек, өйткені біз – әлеуметтік министрлікпіз. Мемлекет азаматтар үшін жұмыс істеуге, өз қызметтерін ұсынуға тиіс. Сондықтан қазақстандықтар құжаттарды жинауға, сапарларға және күтуге уақыт пен ақша жұмсамауы үшін оларға қызмет көрсетуге сұрау салынған қарапайым SMS-хабарламалар жібереміз. Егер азамат 3 күн ішінде жауап берсе, ол жедел түрде көрсетіледі. Бұл ыңғайлы: қай жерде орналасқаныңыз маңызды емес, жай ғана SMS-ке жауап беруге болады,-деп жаңашылдыққа түсініктеме берді вице-министр Нариман Мұқышев.