Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Үлкенге құрмет!

Үлкенге құрмет!




ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабымен Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі жанындағы «Мейірім акселераторы» жобалық офисінің ерікті жастарымен бірлесе отырып, қаламыздағы бірнеше сала ардагерлеріне жыл басында сый-сияпат жасалды.
«Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз, Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек» - екендігінде партамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының төрағасы Б. Сайлыбаев  атап өтті.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің  Превенция және парасаттылық басқармасының  басшысы Ғ. Әлімқұлова «ардагерлер – еліміздің алтын қоры, талай жасты тәрбиелеп, ел игілігі үшін қажымай қызмет жасадыңыздар, қарияларымызға қамқорлық жасау – біздің басты борышымыздың бірі екендігін айтып, қазыналы қарияларға мейрам қарсаңында ыстық лебіздерін білдірді»
Бұл шараның өткізілуінің басты мақсаты – қарияларымыздың көңілін аулап, мерекелік көңіл күй сыйлап, қамқорлық көрсету.
09 қаңтар 2020 ж. 964 0