№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Болашақ» университетінің студенттерімен ашық кездесу өтті

«Болашақ» университетінің студенттерімен ашық кездесу өтті


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда  облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ғалия Әлімқұлова мен басқарманың бас маманы Ысқақов Мұрат «Болашақ» университетінің студент-жастармен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – ел ертеңін құрайтын жастарды жемқорлықтан азат адал қоғам қалыптастыруға дәріптеу және  білім беру жүйесінде сыбайластық әрекеттердің белең алуына жол бермеу.
Өз кезегінде Превенция басқармасының басшысы Ғалия Әлімқұлова – жастардың әділдік, парасаттылық құндылықтарына қанық болып өсуі – Қазақстанды қуатты мемлекеттер қатарына қосуға және адал еңбек пен таза білімге иек артқан жастар - жарқын болашақтың берік іргетасын  қалайтынын жеткізді. 
Сонымен қатар, превенция басқармасының бас маманы Ысқақов Мұрат - өңірдегі білім ошақтарында бастау алған «Таза сессия» акциясының қоғам алдындағы маңыздылығын түсіндіріп,  білім алушыларды алдағы қысқы сессия кезінде құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақырды.  
Шара соңында адам болмысындағы ең ізгі қасиеттер - «Адалдық. Парасаттылық. Әділдік. Сенім» тақырыбында студенттер тарапынан  қойылған бірқатар сауалдарға жауаптар берілді.
19 желтоқсан 2019 ж. 779 0