№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғанда қаржылық бұзушылық бірнеше мәрте тіркелді

Жаңақорғанда қаржылық бұзушылық бірнеше мәрте тіркелді


Жақында Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы «Жаңақорған ауданының аудандық бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарына бөлінген қаржылардың пайдаланылуына мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша сыртқы мемлекеттік аудитты 14 аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жүргізілді. Үстеме тексерумен Өзгент ауылдық әкімінің аппаратына ведомствалық бағыныстағы ауылдық клуб пен балабақша, аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ведомоствалық бағыныстағы 6 қазыналық, 1 шаруашылық жүргізу құқындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қамтылды. Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі 17,0 млрд. теңге.


Мемлекеттік аудит жүргізу барысында аудит обьектілерінен бюджет және қолданыстағы басқада заңдылық нор­малары сақталмау салдарынан қаржылық бұзушылық пен бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлану фактілері орын алған. Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 66 бірлікті құраған. Бүгінгі таңда анықталған қар­жылық бұзушылықтар аудандық бюджет пен тиісті кәсіпорындардың есеп шот­тарына өтеліп, қалпына келтірілуде.
Анықталған қаржылық бұзушы­лық­тарды талдағанда, негізінен бухгал­терлік есеп қағидалары сақталмауы, еңбек ақы төлеу жүйесі мен қағидасының сақталмауы, мүліктердің заттай тұтыну нормалары мен лимит талаптарының сақталмауы салдарынан орын алғаны анықталған.
Рәсімдік сипаттағы орын алған бұзу­шылықтардың саны 66 бірлікті құраған. Бюджеттен берілген қаражатты тиісті бюджеттік бағдарламаларға жоспарламай басқа бюджеттік бағдарламаларға қа­те жоспарлау бойынша 6 жағдайда анық­талса, 13 жағдайда мемлекеттік сатып алу шартында тауарды жеткізудің ең аз мерзімі сақталмаған. Мемлекеттік сатып алу заңдылықтары 3 жағдайда өрескел бұзылған. Мәселен, Өзгент ауылдық клубы мемлекеттік сатып алудың бекі­тілген жылдық жоспарына енбеген, өнім берушіні таңдамай, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаспай «Байкенже ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазы­налық кәсіпорнының есеп шотына қара­жатты негізсіз аударған, Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі құны белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінен асатын біртекті тауарларды бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған. Ал Өзгент ауылдық клубы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізбеген.
Оған қоса, қолданыстағы «Бухгал­терлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебі регла­менттелген Есеп саясатымен жүргізілуі тиіс болса, аудитпен қамтылған 9 мемлекеттік кәсіпорынның 6-да Есеп саясаты регламенттелмеген. 5 жағдайда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүргізу қағидасының, 7 жағдайда мем­лекеттік ұйымда түгендеу жүргізу қағи­дасының талаптары бұзылған. Ал 5 жағдайда еңбек төлеу жүйесі мен қатынастарының тәртібі сақталмаған, 5 жағдайда кәсіпорындардың даму жос­парының есебін және оның орындалу есептерін бірыңғай операторға белгіленген мерзімнен кеш тапсырған. 12 жағдайда міндетті әлеуметтік медициналық сақ­тандандыру аударымдары, міндетті зей­­нетақы жарналары, әлеуметтік сақ­тандандыру аударымдары, әлеуметтік, жеке табыс салығы, жетім балалардың қамқоршылары мен патронат тәр­бие­шілерге ақша қаражаты мен жәр­демақылар белгіленген мерзімнен кеш аударылған. Өзгент ауылдық клубы бюджетке төленетін салық төлемдерін мерзімінде төлемеу үшін нолдік салық декларациясын тапсырғаны анықталды.
Жаңақорған аудан әкімдігі 2017 жылғы 04 желтоқсанындағы № 392 «Арнайы автокөліктердің тиістілік табелін бекіту туралы» қаулысымен өзінің құзыретіне жатпайтын Заттай нормалардын норма­тивін бекітіп, аудандық бюджеттен қо­сымша шығындардың жұмсалуына се­беп болған.
Тағы бір айта кететіні, Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 наурыздағы №760 «Жаңақорған ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысымен қабылданған қаулыға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысына қосымша қаражат беріліп, мемлекеттік тапсырыс мөлшері ұлғайғанмен, қаулыға тиісті өзгерістер жасалмаған.
Түйіндей айтқанда, Мемлекеттік аудит қорытындысымен 20 істе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалғандықтан 8 аудит обьектісінің аудит материалдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын уәкілетті органдарға жолданды.
Жоғарыда аталған бұзушылықтар Тексеру комиссиясы тарапынан осыған дейін жүргізілген аудит қорытындысында да анықталып, жүйелі түрде қайталанып отыр және осы бұзушылықтардың алдын алу үшін тиісті шаралар қабылданбау нәтижесінен орын алған.

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы
25 желтоқсан 2019 ж. 684 0