№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 800-ден аса кәсіпкердің құқығы қорғалды

800-ден аса кәсіпкердің құқығы қорғалды


Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен баспасөз мәслихатында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Болат Нұрхожаев айтты.

Кеңес төрағасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің Палата жанындағы тұрақты жұмысшы орган екендігін, құрылып, жұмыс жасап жатқандығына 5 жыл болғанын айтты.  
Оның айтуынша, Кеңес отырыстарында кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге, мемлекеттік органдардың бизнес өкілдерінің жұмыс жасауына кедергі келтіруіне байланысты орын алған нақты жағдайлардың шешілу жолдары қарастырылады.
«Кеңес құрамында прокуратура органдары, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілдері мен заңгерлер, өңірдегі қоғам белсенділері, кәсіпкерлер және журналистер де болғандықтан бұл алаңда мәселені жан-жақты қарауға мүмкіндік бар. Әр кәсіпкердің мәселесі мемлекеттік орган, құқық қорғау органдары, сондай-ақ қоғамдық пікір көшбасшыларының көзімен қаралады десек те болады. Кеңес жұмысы осынысымен де құнды», - дейді Болат Нұрхожаев.
Баспасөз мәслихатында Болат Нұрхожаев 5 жыл ішінде Кеңестің 29 отырысы өткізіліп, онда 73 жүйелі мәселе қаралғандығын айтты.  Оның 58-і оң шешімін тапқан. Нәтижесінде 800-ден аса кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделері қорғалған.
Ал осы жылдың 9 айында Кеңестің 6 отырысы өткізіліп, 11 мәселе қаралған. Бүгінде оның 9-ы шешіліп отыр. Нәтижесімен, 3 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.
БАҚ өкілдерінің резонанты мәселе туралы сауалына Болат Нұрхожаев кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергі тудырып келген Қызылорда қаласы әкімінің жанындағы сәулет-қала құрылысы техникалық кеңесінің күшінің жойылуын атап өтті.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
21 қазан 2019 ж. 704 0