№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » "Қайсар" командасының капитаны үйленді

"Қайсар" командасының капитаны үйленді

«Қайсар» командасының капитаны Думан Нәрзілдаев Қазақстан Республикасының Кубогы үшін болған кездесуде «Атырау» командасына 122 минутта тепкен добы қақпа торынан табылып, жиырма жыл сарыла күткен жеңістің келуіне себепкер болды. Ойынның қаһарманы болған жерлес спортшыны жеңісімен құттықтап, әңгімеге тарттық.

– Қызылордалық жанкүйерлердің әр ұрпағының өз батыры, өз аңыз ойыншысы бар. Сіз тарихта сондай футболшының бірі ретінде ендіңіз. Жеңіс құтты болсын!
– Рақмет!
– Сіздерден жеңіс күттік! Қаншама жанкүйерлер Нұр-Сұлтан қаласына арнайы барды, қаншамасы теледидарға телміріп отырды. Сенімді ақтағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
– «Қайсар» командасы 1999 жылы кубокке ие болып, ол жолы Өскеменнің «Востогынан» 2:1 есебімен басым түскен еді. Арада 20 жыл өткенде «Атырауды» 2:1 есебімен ұтып, кубокқа ие болдық.
Шынымды айтсам, жауапкершілік жүгі тым ауыр болды. Әрбір қайсарлық ойынға ерекше көңіл-күймен, жігермен шықты. Азулы командалардың жолын кескен қарсылас команда жоғары дәрежеде ойын көрсететінін сезініп шықтық. Жанкүйердің ерекше қолдауы бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайта түсті.
– 67-минутта атыраулық Петр Гжельчак гол соқты. Не ойладыңыз?
– Бізге қалай болғанда да ұту керек. Басқа ой болған жоқ. Жауапкершілікті барлық командаластарым түсінді. Тек сауатты өнер көрсету жеткіліксіз еді. Сондықтан шабуылды күшейтіп, қарсыластың қақпасынан саңылау іздедік. 88-минутта менің пасымды Игорь Зенькович голға айналдырды. Осы сәтте сенім күшейе түсті, бойға бір күш-қуат келгендей сезіндім.
– Жеңіс голын 122-минутта соқтыңыз. Әсеріңізбен бөліссеңіз...
– Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бала кезімнен алаңға төккен тердің өтелгенін, ағайын-туыс, дос-жараң, жанкүйерлердің үмітін ақталғанымды сезіндім.
Сырбойылық жанкүйерлер жеңісті ерекше қуанышпен қарсы алып, облыс басшысы Қуанышбек Ысқақов қабылдап, ықылас-ілтипатын білдірді. Мұның бәрі түсім секілді. Маған қолдау білдірген барша жанашырларыма алғыс білдіремін.
– Капитандық міндет ауыр болар?
– Әр міндеттің өз жауапкершілігі, өз қиындығы болады. Капитанның негізгі міндеті қандай жағдайда да команданы алға жетелеу керек. Ойын кезінде басты міндет капитанға жүктеледі. Ол жаттықтырушының көмекшісі, сәйкесінше ойын үстінде бапкердің қызметін атқарып, ойыншыларға негізгі тактиканы ескертіп жүреді. Сондықтан, капитанға көбірек үміт артылады. Осындай міндетті лайықты атқаруға күш-жігерімді салып жүрмін.
– Жеңістің сырымен бөліссеңіз.
– Команда ойыншыларының бірлігінде, ішкі рухында, жауапкершілікті сезінуінде дер едім. Бапкердің тактикалық схемаларын сауатты орындау маңызды. Бәрінен бұрын, тынымсыз еңбек өз нәтижесін береді.
– Еуропалық додаларда жеңісті жолды жалғастыру керек. Солай емес пе?
– Әрине. Футболда жеңіс шыңына шығу қиын, ал сол жерде тұрақтап қалу қиынның қиыны. Мақсат – жеңісті жолды жалғастыру.
– Енді әңгімені аз-кем өзіңіз жайлы бұрсақ. Футболға неше жасыңызда келдіңіз? Үлкен спортқа қалай іліндіңіз?
– Кез-келген бала доп тебуді армандап өседі. Мен сегіз жасымда достарыммен бірге футболға бардым. Есік алдында көрші балалармен доп ойнаған бір бөлек, футбол үйірмесіне қатысқан бір бөлек. Футбол әліппенсін үйреніп, пас беру, допты тоқтату, қабылдау, қақпаға допты дұрыс бағыттау және т.б техниканы меңгеріп, шеберлікті арттыру маңызды. Жалпы футбол – командалық ойын. Ойыншының шеберлігінен бөлек командаластарымен тіл табысып, бірге жұмыс жасай білу керек. Осының бәрі менің тұлға болып қалыптасуыма ықпал етті.
Екінші сұрағыңызға келетін болсам, әуесқойлықтан кәсібилік деңгейге жету үшін біріншіден Алладан берілген бақ, одан кейін мінез бен еңбекқорлық керек. Өз басым кішкене қиындыққа қол сілтейтін адамның қатарынан емеспін.
– Әулетіңізде өзіңнен басқа спортпен шұғылданатындар бар ма?
– Қандай өнер болмасын текпен келетіні анық. Біздің әулет спорттан алыс емес. Әкем Ағматулла жеңіл атлетикамен айналысқан. Менің спортта жүруім сол кісінің ықпалы, қолдауы. Атам Ізәтілла салауатты өмір салтын насихаттап жүргеннің бірі. Бүгінде 70 жастан асса да жаяу сереуендеуді, велосипед тебуді әдетке айналдырған. Інім Жасұлан акробатикамен айналысады. Бақдәулет «Қайсар» командасының қосалқы тобында ойнап жүр. Оның келешегінен үміт күтіп жүрміз.
– Думан, жақында отбасы құрып, шаңырақ көтеріпсіз. Қуанышыңызбен шын жүректен құттықтаймы! Сұхбат бергеніңізге рақмет!

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

19 қазан 2019 ж. 489 0