№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауданда қандай кәсіпке сұраныс жоғары?

Ауданда қандай кәсіпке сұраныс жоғары?


2019 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша электрондық еңбек биржасында ең тапшы маман күзетші екені анықталды.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы таратқан мәліметтерге сүйенсек, осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығында 3,3 мыңнан астам күзетші орны бос қалған. Одан бөлек, тапшы мамандықтардың үздік бестігіне тәрбиешілер (1,5 мың бос орын), даяшылар (1,5 мың), сатушы-кассирлер (1,3 мың) және тәрбиешілердің көмекшілері (1,2 мың бос орын) кірді. Сонымен қатар, сұранысқа ие кәсіп қатарында санитарлар, жүк көліктерінің жүргізушілері, орта мектеп мұғалімдері, жол салумен айналысатын жұмысшылар, сатушы-кеңесшілер бар.
Жалпы республиканың әр аймағында мамандарға деген сұраныс айтарлықтай ерекшеленеді. Мысалы, күзетшілерге арналған жалпы бос орындар санының үштен екісі еліміздің екі өңіріне тиесілі. Қостанай облысында (1050 бос жұмыс орны) және Нұр-Сұлтан қаласында (1034 бос жұмыс орны) осы кәсіпті өміріне серік еткендер аз. Ал Шымкентте керісінше күзетшілер тіпті 25 тапшы мамандық тізіміне де енбейді. Еліміздің оңтүстік мегаполисінде ең сұранысқа ие кәсіп - орта мектеп мұғалімі (935 бос орын).
Тақырыпты мамандыққа қатысты ресми статистикадан бастасақ. Бір ғана мысал, 2003-2014 жылдар аралығында Қазақстанда 250 мыңға жуық заңгер дайындалыпты. Яғни бұл жоғарғы оқу орны мен орта арнаулы колледж түлектері. Одан кейінгі қатарда экономистер қауымы көш бастап тұр. Себебі, қоғамда заңгер мен экономист мамандығын тәмамдасаң жұмыссыз қалмайсың деген түсінік қалыптасқан. Жарайт, бұл республикалық мәлімет. Енді Сыр елінде атқарылып жатқан серпінді жұмыстарды сараласақ. Жалпы, аймақтың үштен бірін 29 жасқа дейінгі жастар құрайды. 2016 жылға дейін қызылордалық 200-ге жуық жас «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алды. Сонымен қатар 20 мыңнан астам жас «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасына белсенді қатысушылар қатарында. Облыс әкімінің грантымен Мәскеу мен Санкт-Петербург қаласында Сыр елінің жастары Ресей мемлекетінің есебінен сұранысқа ие мамандық бойынша білім алуда. Оған қоса, «Серпін» бағдарламасы бойынша 4000-ға жуық қызылордалық түлек техникалық мамандықтарды игеруде. Бұл статистикалық деректің ішінде жаңақорғандық жастарда бар.
Тақырып ауанын толықтыра кетсек. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жыл сайын 20-25 мың жас түлек не жоғарғы оқу орнына не кәсіптік білім беретін мекемеге оқуға түсе алмай, мамандықсыз қалады екен. Міне, сол түлектерге мемлекет тарапынан тегін кәсіптік техникалық білім беретін мүмкіндіктер қарастырылған.
13 қазан 2019 ж. 867 0