Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

«Book is life»



Осы түйінді еске тұта отырып, жастарды кітапқа қызықтыру, кітапхана жұмысымен таныстыру мақсатында 24 қыркүйек күні Жаңақорған аудандық кітапханасында «Book is life» шарасы өтті. «Жаңақорған ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар Ресурстық Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Арман Асуы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен шарада мектеп оқушылары атсалысып, бірге кітаптар тақырыбындағы викториналар, интеллектуалды зияткерлік ойындармен білімдерін ортаға салумен қатар, кітап көрмесін тамашалады. Караоке-сайысында қазақша әуендерді әрлеп жанды дауыста айтудан бақ сынасып, топтық рейтингті анықтады. Құрамалар шара соңында лайық бағасын алып, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Мұғалімдер мен оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, осы тәрізді іс-шаралардың көптеп өткізілуіне тілектестігін білдірді. Кітапхана өміріне оң өзгеріс әкелген «Book is life» шынымен әсерлі істердің бірі болды деп сенімді айта аламыз.
26 қыркүйек 2018 ж. 1 052 0