№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білім ордасына бюст қойылды

Білім ордасына бюст қойылды

№51 Мұхамеджан Қаратаев атындағы орта мектебі жаңа оқу жылын жағымды жаңалықпен ашты. Мектепке 1996 жылы есімі берілген академик Мұхамеджан Қаратаевқа арналған ескерткіш бюсті ашылды. Сонымен қатар осы білім ордасынан түлеп ұшқан ұстаздың келіні Жәмила Қаратаеваның қолдауымен 2002 жылы Мұхамеджан Каратев атында мұражай ашылған еді. Биыл мұражай тағы да толыға түсті. Мұражайға ғалымның ұстап-тұтынған бұйымдары, киім-кешегі, тіпті төсек орнына дейін жинақталған.

Ғалымның туыстары мен ағайындарының демеушілігімен салынған бюстің Жаңақорған «ауданының Құрметті азаматтары» Райымбек Әділбеков пен Ізәтілла Нәрзілдаұлы салтанатты түрде лентасын қиды.
Осы іс шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Анар Бекмырзақызы, Шиели аудандық мәслихатының депутаты Мұхамеджан Салқынбаев, Жаңақорған аудандық мәслихатының депутатының хатшысы Ерғали Ильясов арнайы қонақ ретінде қатысып, тілектерін жеткізді.
Атқара білсең ұлы ісін
Ардақтар халық бұл үшін.
Еліңе қызмет етуде
Білім мен еңбек ұлы сын, – деп ақын жырлағандай, ұлы тұлғаға қойылған ескерткіш ашылу салтанаты осылай жалғасын тапты. Салтанатты шарада мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге Мұхамеджан Қаратаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндалды. Мұхамеджан Қаратаев 1910 жылы 27 желтоқсанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Телікөл ауылында туған. Мұхамеджан Қаратаев өз туған өлкесінде 1923 жылы оқуға барып, талантты еңбекқор бала оны 1 жылда бітірді. Ол әдебиет зерттеушісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері ретінде белгілі. Шығармашылық еңбектері үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдарымен марапатталған.
Тұтастай алғанда Мұхамеджан Қаратаев қазақ әдебиетінің түрлі мәселелерін қамтыған 100-ден астам мақаланың 40-тан астам кітаптың авторы. Сонымен қоса көркем аудармаға да елеулі еңбек сіңірген.
Осындай ерек тұлғаның өздері оқитын білім шаңырағы қабырғасынан түлеп ұшқанын сезінудің өзі әрбір шәкірт жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатады. Өткенге құрметті қалыптастыруда рөлі зор мектеп мұражайына Жәмила Қаратаеваның арнайы көңіл бөліп, биыл жаңа жәдігерлермен толықтыруы, келген қонақтардың ғалым туралы жазған өз кітаптарын сыйға тартуы біз үшін үлкен жан сүйсінерлік жаңалық болды. Ұстаз еңбегі әрқашан жүрегімізде.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасымен үндескен шарада тұлғатанудың дәреметін көруге болады.

Набат Әбілқасымова,
№51 мектептің мұражай меңгерушісі
14 қыркүйек 2019 ж. 757 0