№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оқыс оқиғалардың алдын алуда бұл үрдіс те заң бойынша қарастырылған

Оқыс оқиғалардың алдын алуда бұл үрдіс те заң бойынша қарастырылған

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев халқына арнаған Жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтқан болатын. Осыны басшылыққа алған «Қазпошта» АҚ-ның Жаңақорған аудандық бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі ауқымында дөңгелек үстел өтті.

Алқалы басқосуды «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы қауіпсіздік бөлімінің басшысы Қабланбек Әбдраманов жүргізді.
Кездесудің басты мақсаты – мемлекеттің сыбай­лас жемқорлыққа қарсы саясатының тиім­ділігін арттыру, сыбайлас сжемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және елімізде сәл де болса сыбайластықтың деңгейін төмендетуге үлес қосу болып табылады.
– Сыбайлас жемқорлық дегеніміз белгілі бір лауазымды қызметкердің өз дәрежесін жеке басының мүддесі үшін пайдалануы. Ал алдын алуда пәрменді жұмыс атқарылуы үшін халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек. «Қазпошта» қызметкерлері жеке тұлғалардан барлық сәлемдеме мен хаттарды ашық күйінде қабылдайды. Оған толығымен құқығы бар. Өйткені біз тапсырыс берушілердің қандай зат тапсырып жатқанынан хабарымыз жоқ. Оқыс оқиғалардың алдын алуда бұл үрдіс те заң бойынша қарастырылған, – деді қауіпсіздік бөлімінің басшысы Қабланбек Әбдраманов.
Басқосу барысында талқыланған дүниеден түйгеніміз, тіркелмейтін хаттарды қоспағанда жеке тұлғалар жіберетін барлық тіркелетін пошта жөнелтілімі «Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 2-тармағына сәйкес ашық күйінде қабылданады. Заңды тұлғалардың хат-хабарлары бұрынғыша ашық және жабық күйінде қабылданады. Барлық тапсырыс хат, бандероль және құндылығы жарияланған хат, сондай-ақ сәлемдемені пошта байланысы бөлімшесіне ашық күйінде әкеледі. Бұл ретте, пошта операторы пошта жөнелтілімдерін қабылдағанда, жөнелтушіні сәйкестендіруі және оның деректерін тіркеуі керек екен.
Маманның сөзінше, жөнелтуге тыйым салын­ған заттардың мазмұны үшін сәлемдемелерді тексерудің мүмкін болмауына байланысты пош­тамат арқылы пошта жөнелтілімдерін қабылдау тоқтатылатынын атап өтті. Поштамат арқылы берілген пошта жөнелтілімдерін қабылдау пошта байланысы бөлімшелері арқылы жүзе­ге асырылатынын, қабылданған шаралар пошта операторы мен оның қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет екенін түсіндік.
Дөңгелек үстел соңында пошта қызмет­керлеріне сыбайлас жемқорлық, парақорлық орын алған жағдайда қандай фактілер тіркелетіні жөнінде видеороликтер көрсетілді.

                                                                                                                                              Лаура БИБАСАРОВА
31 тамыз 2019 ж. 651 0