№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қасым ханның тарихи рөлі

Қасым ханның тарихи рөлі



Осы тақырыпта қалам тербеген тарих ғылымдарының докторы Б.Кәрібаев:   
– Қасым ханның билігі тұсында бұрыннан қолданылып келе жатқан «Дешті Қыпшақ», «көшпелі өзбектер», «өзбек-қазақ» деген әртүрлі мәні бар атаудың орнына бір ортақ этноним – «қазақ» және этносаяси термин – «Қазақстан» қолданыла бастайды.
1512-13 жылдардағы оқиғаларды баяндайтын Мұхаммед Талибтің «Матлаб ат-талибин» атты шығармаларында алғаш рет «Қазақстан» термині айтылады. Одан кейін 1537 жылғы оқиғаларға байланысты Васифидің «Бадай ал-вакай» еңбегінде де бұл термин тілге тиек болады. «Қазақ», «Қазақстан» атауларының көршілес елдерінің тарихына енуі де Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының нығайғандығына байланысты болса керек, – деп ханның ұлтты ұйыстыру жолындағы қызметіне баға береді.
Сонымен қатар Қасым ханның болмыс-бітімін, қабілет-қарымын сол заманда өмір сүргендердің ойынан тануға болады. Мәселен, Захир ад-дин Бабыр: «Жұрттың айтуына қарағанда, қазақ хандары мен сұлтандарының  бірде-бірі бұл халықты дәл осы Қасым хан сияқты бағындыра алмаса керек. Оның әскерінде 300 мың адам болған», – депді.
Мұхаммед Хайдар Дулати: «Ол Дешті Қыпшаққа толық билігін таратты, оның халқы миллионнан асты. Жошы ханнан кейін бұл жұртта дәл мұндай күшті хан болған жоқ», – деп жазыпты.
Абдаллах бен Мұхаммед бен Әли Насруллах: «Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақтың падишахы болды. Ол ұлы істер жасау үшін туған адам еді. Қасым ханның қисапсыз әскері қазақтар мен ноғайлардан құралған еді», десе, Қадырғали Жалайыри: «Жәнібек хан ұлдары ішінде аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысына патшалық етті. Төңірегіндегі уалаяттарды өзіне қаратты», – депті.
Махмуд ибн Уәли: «Қасым хан Дешті Қыпшақ аймақтарында өз билігін күшейткені соншалық, оның әскерінде 200 мыңнан аса адам болды», – деп баға береді. Хайдар Рази: «1515-1516 жылдары Қасым хан Жошы ұлысын тәртіпке келтіргендігі сондай, бұдан артықты көз алдыңызға елестету мүмкін емес, оның халқының саны миллионға дейін жетті», – дейді.
Гафари деген тарихшы «Қасым хан Дештінің ханы болды. Шайбани хан екеуінің арасында кикілжіңдер болып, 1509-1510 жылы Шайбани хан оған қарсы аттанды, бірақ жеңіліс тапты», – депті.
Жалпы, Қасым ханның тарихи рөлі жайлы сөз еткенде, мүдделес қазақ рулары біріктіріліп, этникалық территория қалыптаса бастады.
Екіншіден,  Қасым хан тұсында халықтың саны бір млн. өсті.
Үшіншіден, елді ортақ мүддеге біріктіретін құрал ретінде заңдар жинағын шығарды.
11 мамыр 2019 ж. 1 851 0