Соңғы жаңалықтар

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

№79 (8790) 5

05 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Сунақата каналын қазғандар

Сунақата каналын қазғандар


Ел игілігіне асып жатқан әрбір біткен істің астарында қажыр-қайратқа толы еңбек шежіресі жатыр. Бүгінгі ұрпақ өткеннің осы еңбегін естен шығармай ұлық тұтуға тиіспіз. Ел-жер тарихын тірілтіп, санамызда жаңғырту арқылы өткенге деген құрметіміз арта түседі екен. Мектепте тарих пәнінен сабақ беретін ұстазымыз – Асқар Бекбергеновтың тапсырмасымен “Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жаңақорғандықтардың ерен еңбегі” туралы жеткілікті зерттегім келіп, аудандағы біраз мекемелердің есігін қақтым. Солардың бірі – аудандық тарихи өлкетану музейіне барып қатталып тұрған деректермен таныстым.


Басты-бастыларына тоқталар бол­сам, Отан соғысына Жаңақорған ау­да­нының 4949 жауынгер аттанған. Тылдағы бейнет салмағы қариялар мен жас балалалардың иығына артылыпты.
1941 жылы ауданда 7810 га егіс егіліп, 55191 центнер өнім жиналған. Осынау қиын-қыстау кезеңде Жаңа­қорған МТС-інде 217 механизатор, 283 ауыл шаруашылық кадрлары, соның ішінде 123 әйел бітіріп шықты. Соғыс­тың алғашқы жылдарының өзінде өңірімізге жау басып алған аймақтардан 3 мыңға жуық орыс, еврей, украйн, белорус, шешен ұлтының өкілдері келіп қоныстанған.
1942 жылы 16 қыркүйекте «Правда» газетінде «Қызылорда облысы, Жаңа­қорған ауданы, «Политотдел» ауылша­руа­шылығы артелінің мүшесі Әбдра­химова күріш орудың нормасын 200 пайыз, Жаңарық колхозының мүшесі Құдиярова 300 пайызға орындады» деп жазған саны сақтаулы тұр.
Ауданда 81 әйел тракторист, 4 әйел комбайнер болғаны тіркеліпті.
Мен Сунақата каналының құры­лысы туралы айрықша білгім келіп, құжаттарды тереңдеп зерттедім. Сон­дағы анықтағаным, канал құры­лысын­да 23 колхоз және «Горняк» қосалқы шаруашылығынан 1150 адам жұмыс атқарғанын білдім.
Канал құрылысына 50 киіз үй тігіліп, 3 медпункт, 3 шаштараз, 3 етік тігетін орын, дүкен, қызыл мүйіс жұмыс жасады. Жауынгерлік листок пен қабырға газетінде еңбеккерлердің рухын арттыратын, жауды біріге отырып жеңуге жігерлендіретін ұран шақырулар, ақын өлеңдері жарияланыпты.
Канал құрылысын осы жылы 15 қазанда бастап 1945 жылы 15 қаңтарда аяқтау көзделді. Ұзындығы 23 шақырым, табан ені 6 метр каналдан 450 мың текшеметр топырақ шығарылды. Осы жұмыстарды атқаруда басым қайрат көрсеткен жасы алпыстан асып кеткен аналар екенін мына қолымызға түскен жәдігер – канал құрылысынан түсіріл­ген фотосуреттен көріп, арқамды мұз­дай тер басты. Жастайғы бейнетінің зейнетін көрер шақта колхоз жұмысына жегіліп, тылдың негізгі тірегіне айналған аналарымыздың еңбек шежіресін жазбай танытқан фотосуреттегі бейнелердің аты-жөні бойынша зерттеу жүргіздім. Бұл кездегі апалардың барлығы да бұл өмірде жоқ, осы кісілердің жанына еріп жүргенімде бес-алты жаста едім деп те айтатын көзі тірі ешкім қалмаған.
Әрбір отбасының тірегін, үкілеген үмітін, арқасүйер азаматын жұлып кетіп, жүректерге жазылмас жара салған сол күндерде кеңес әскерлерінің жеңіске табан тіреген нық сенімі тылдағы аналар еңбегіне де тың қажыр-қайрат, жарқын сенім сыйлағаны шәксіз. Канал құрылысы қызу жүргізіліп, белгіленген мерзімде аяқталды.Сол жылғы көктемде каналға су келіп, күріш, тағы басқа дақылдар егіліп, канал бойына ел орныға батады. Мұның ішінде «Екпінді» 300 гектар, Ленин атындағы ұжымшар 200 гектар, Мәдениет ұжымшары 300 гектар, Жаңарық 450 гектар егін салған. Канал бойына 10-нан астам шаруашылық қоныс тігіпті.

Алтынай Келден,
№3 мектеп-интернатының
9 сынып оқушысы

27 сәуір 2024 ж. 2 247 0