№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ел үмітін ер ақтар

Ел үмітін ер ақтар


1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл – құшағына 130-дан аса ұлт пен ұлысты сыйдырған көңілі кең, пейілі дархан халықтың ынтымақтастығы мен татулығын айшықтайтын ұлық мейрам. Қаны таза қазақтың күллі елден басты айырмашылығы да сол, жатсың деп көкірекке теппей, өзге ұлтты өзіндей көрген. Бәлкім, содан болар, қазақтың нанын жеп, топырағын басқан әрбір ұлттың Отан алдындағы ұяты күшті, жауапкершілігі жоғары. Қазаққа қарыздарын біліп, әлі күнге елдің дамуына еселі үлесін қосып жүрген отандастарымыз баршылық. Мейрам қарсаңында, тарихта ізі қалған, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан «Еңбек ерін» айшықтауды жөн көрдім...


Ол – кәріс ұлтының өкілі. Ел басына күн туған зұлмат жылдары ауданның ауыл шаруашылығы саласына өзіндік үлесін қосқан азамат. Өкініштісі сол, даңқты тұлға туралы ақпарат жоқтың қасы. Сонда да болса осы азамат туралы көп ізденіп, біраз деректің ұшын ұстағандаймын.
Иван Цой Засимович 1924 жылы 18 наурызда (ресми құжаттарда – 1926 жылы) Қиыр Шығыстағы Приморск өлкесінің Находка қаласында дүниеге келген. 1937 жылдың күзінде жапон милитаристері Қытайға басып кіргеннен кейін көп ұзамай КСРО Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралас аудандарынан корей халқын жаппай депортациялауды бастады. Осылайша Иван Цойдың ата-анасы Қазақ КСР-нің Оңтүстік Қазақстан облысына, кейіннен 1938 жылы Қызылорда облысына қоныстандырылады. Бұл кезде он екі жасар Иван Жаңақорған ауданына қарасты «Красная звезда» колхозында 8 жылдық орта мектепте білім алады. Мектеп бітірген жылдары соғыс кезеңіне тура келген ауыр шақтарда, колхозда күріш бригадасының жетекшісі болып жұмысын бастаған.
Ол басқарған звено 1948 жылы 5 гектар алқаптың әр гектарынан 84,8 центнерден өнім алды. Осы еңбегі үшін СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1949 жылғы, 20 мамырдағы Жарлығымен «Социалистік Еңбек ері» атанады. Сондай-ақ, Ленин атындағы «Орақ пен Балға» алтын медалінің иегері болған.
1940 жылдың аяғында «Красная Звезда» кеңшарының төрағасы болып тағайындалды. 1951 жылдың шілдесінде Алматы қаласында өткен «Қазақстан комсомолдарының V сьезіне делегат болып сайланды. Яғни, өсіп-өнген топырағына шынайы жанашырлықпен жұмыс жасауының арқасында «Красная звезда» колхозының звено жетекшісі болды. Бұл – тарихи ақпар. Қажетті құндылық.
1950 жылдардың аяғында Жамбыл облысына қоныс аударып, Жамбыл облысы Дунгановка ауылындағы «Октябрь» колхозында агроном, 1960 жылдардың басынан осы аймақтың Аса ауылында (қазіргі Жамбыл ауданы) қант қызылшасын, қарбыз, пияз, бидай өсірумен айналысқан.
1986 жылдан бастап одақтық маңызы бар зейнеткер. 2006 жылы Иван Цой Тараз қаласында дүниеден өткен.
Тараз қаласындағы «Жасыл Кілем» зиратының корей бөлігінде жерленген.
«Ленин», «Социалистік Еңбек ері» және бірнеше медалдардың иегері. Еңбегі ерен тұлғаның есімін өшірмеу үшін 2017 жылы Жаңақорған кентіндегі белгілі көшеге Иван Цой есімі берілді.
Бұл – тек қолдағы бар дерек. Иван Цой туралы, оның еңбекқорлығы мен елжандылық рухы туралы біз білмейтін ақпарат қаншама. Ел азықтан қиналған зұлмат жылдары ұжымды ұтқырлықпен басқарып, мол өнім шығарған тұлғаның сауаттылығы мен іскерлігін осыдан-ақ тануға болады. Өзге ұлт болса да, қазаққа өзіндей жанашырлық танытқаны өсіп-өнген топырағы алдындағы азамттық борышын өтегені болса керек.
Бүгінгі ұрпақтың еңбек майталманы туралы нақты хабары болмғандықтан оның атындағы көшеге де мән бермеуі мүмкін. Тарих – ол біздің өткеніміз, бабалардың салған сара жолы. Сондықтан, төл тарихын таныған адам тексіз болмасы анық. Кез-келген қазақ әуелі өзінің тұратын мекенін, топырағын, көшесінің тарихын танудан бастап, қазақтың ел басқарған хандарын, батырларын тани бастау керек.

Бақдәулет Хайруллаұлы,
Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы
30 сәуір 2022 ж. 3 398 0