№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Нұрмахантану: Тұлға. Тарих. Тағылым

Нұрмахантану: Тұлға. Тарих. Тағылым


Ұлттың қарымды қаламгері Нұрмахан Оразбектің қайраткерлік қырын жас ұрпаққа дәріптеу маңызды іс, тағылымды бастама. Аудандық мәдениет үйінде өткен «Тұлға. Тарих. Тағылым» атты рухани-мәдени басқосуда осыған куә болдық.


Алдымен мәдениет үйінің фоесіне қой­ылған қаламгердің өмірінен сыр шер­тетін көрмемен таныстық. Одан әрі журналистің өмір жолынан бейнеролик көрсетіліп, оның атқарған қызметі мен өмір жолы көз алдымыздан бір сәтке зыр­ғып өтті.
Тағылымды іс-шараны аудан әкімі Рус­лан Рүстемов ашып, қазақ баспа­сөзінің алмас қылышты, өткір тілді жа­зу­шысын еске алып, еңбек жолына тоқ­талды.
– Біз батылдық пен батырлықты ұр­пақтар сабақтастығы деп бір-бірі­мен жалғастырып ұластыра білген ұлт­тың өкіліміз. Бабаларымыздың ба­тыр­лығы, даналығы бізге әдебиет пен мәде­ниетіміз арқылы тарих болып же­тіп отыр. Сондықтан қазақ әдебиеті мен мәдениетін үлкен керуен көші деп айтуға болады. Мәселен, ежелгі Күл­тегін мен Тоныкөктің тасқа қашалған жазбаларында елдің келешегі үшін «Қызыл қанымды ағыздым, қара терді төктім» деген жолдары бар. Соның ең негіз­гі мұрагері қазақ халқы. Бұл сөзіме қа­зақ баспасөзінің қара нары Нұрмахан Ораз­бектің өзі дәлел. Ол сөйлесе ше­шен, топ бастаса көсем, дүниеге ілеуде бір келетін тұлға. Сонау Арқаның төсін­де, Қарағандыдай өзге ұлты орман­дай өңірде, қазақ рухын, қазақ тілін, асқақ­татып, «Орталық Қазақстан» газетінің ұранын өзгертіп, кеңестік идеологияға қарсылығын көрсетіп, өр мінезділігін таныт­қан. Өзінің нақты ұстанымын ай­тып, көзқарасын білдіргені – нағыз ба­тыр­лық. Қазақтың қайсар азаматы, ең­сесі биік ер тұлға Нұрмахан Оразбек қа­­за­ғымен бірге мәңгі жасай береді, – де­ді аудан басшысы.
Одан әрі қаламгердің жары Адия Сәдір­баева, жазушы, ғалым Құлбек Ергө­бек пен Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің доценті – Асан Аман­жолұлы, журналист Нұрмахан Ел­тай мен баспагердің қарындасы Рысгүл Ораз­бековаға сөз беріліп, жазушы жай­ында естелігімен бөлісті.
– Нұрекең көзі тірісінде көптеген игі істің басы-қасында жүрді. Әсіресе қазақ әдебиетінің дамуына және елге пайдасын тигізетін мақалаларды өндіре жазды. Өзі­нен кейінгі інілерін де батылдыққа, шын­шылдыққа баурады. Ол кісі жұмыста қа­тал, талапшыл болғанымен өмірде жү­регі өте жұмсақ еді. Ақ көңіл болды. Бәлкім ақкөңілдік пен талапшылдық ұштасқанда осындай қайсар адам қалыптасатын шығар. Шүкір, Нұрекең көзі тірісінде сый-құрметтен кенде қалған емес. Еңбекқорлығының арқасында әрдайым ортасында беделді болды. Міне, биыл жолдасымның ара­мыздан келместің кемесіне мініп кет­кеніне де 6 жыл толыпты. Бірақ «Жақ­сының аты өшпейді» деген рас екен. Туған жердің азаматтарының арқасында, сіздердей жерлестері барда ол кісінің аты мәңгі өшпейді, халқымен бірге жасай береді. Осы шараны ұйымдастырған жаңақорғандықтарға мың алғыс, – деді қаламгердің жары Адия Әбдірайымқызы.
Баспагердің өміріндегі қазақ деп шы­рылдаған жанайқайы оның студенттік шағынан бастау алған. Студенттердің әр жиынында қазақтың қарапайым қыз-жігіттеріне немқұрайлы қарағандардың барлығына қарағайдың қатты ағашындай қарсы тұрып, әрдайым өрмінезділігін көрсеткен. Журналистің ержүректігі сон­ша ол студент шағында «Правда газеті және Қазақстан» деген тақырыпта дип­ломдық жұмыс жазып ол үлкен дауға ұшыраған. Оның сондағы пікірлерін тіпті өз ұстаздары «ұлтшылдық» деп бағалап, дипломын қорғатпау керек деп қарсы шыққан. Ресей империясының, тіпті Кеңес өкіметінің жергілікті халыққа кемсітушілік көрсету саясатын айыптап, басқалар айта алмаған сөзді студент Оразбеков айтқан екен. Ұстаздарының барлығы ағамызға резидент болудан бас тартқанда мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы Қасым Шәріпов болып, дипломдық жұмысын жоғары бағалап, қорғатып шыққан. Сол дипломдық жұмысы кейін арада отыз жыл өткен соң «Жұлдыз» журналында жарияланған.
Иә, Қандөздің қасиетті қара топы­рағында дүниеге келген қаламгер батыл мінезді, өткір сөзді, қаламын қару ете білген, елі үшін соңғы демі қалғанша қызмет қылған нағыз елдің ұлы болған. Өмір баспалдағын комсомолдық жол­дамамен Қостанайдағы Сококлов-Сары­бай кен байыту комбинатында бастап, одан кейін Қазақ ұлттық университетінің «журналистика» фа­куль­тетін бітірген. Жас журналист 1962 жылы Қарағанды облысының Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінде жұмыс істеп, кейін Алматыға қайта оралып, республикалық «Лениншіл жас» газетіне қызмет етеді. Одан әрі Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінде, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы институтында жұмыс істеп, «Социалистік Қазақстан» газетінде ең­бек етті. 1974 жылы Қазақ ақпарат агенттігінде (ҚазТАГ) бас редактор, 1982 жылы директордың орынбасары, 1988-1994 жылдары Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы, тәуелсіз Қазақстанның жаңа­дан құрылған Баспасөз министрлігін­де­гі басқарма бастығы, ағылшын тілінде шыққан «Қазақстан» газетінің бас редакторы болып, 1995 жылдан бері қоғамдық-саяси әдебиеттер шығаратын «Қазақстан» баспасының директоры және тағы басқа беделді қызметтер атқарады.
Бүгінде жазушы, журналист Нұр­ма­хан Оразбек туралы замандастары мен кейінгі буын өкілдері есті естелік жазып жүр. Соның бірі Нұрмахан Елтай естеліктермен бөлісіп, мақалалар жа­зып, қаламгерді ұлықтауды көтеріп жүр. Сондай-ақ, бұл іс-шараның өз деңгейінде өтуіне аудан әкімі де ықылас-ниет танытқанын айту парыз.

Түйін. Өмірдің түрлі соқпақ жол­дарына қасқая қарсы тұрып, қайтпас міне­зімен қаламын қаруға айналдырған қаламгер қазақ әдебиеті тарихына өш­пес із қалдырды. Өмірден өткеніне 6 жыл толса да, үзілген күндер оның атын өшіре алмады. Өйткені, Нұрмахан Ораз­бектің артында қалдырған асыл қазы­насы тасқа қашалған тарихтай мәңгі қалмақ.

Айсұлу АЛДАНАЗАР
09 қараша 2021 ж. 2 836 0