1997 жыл: «Үздік аудан» қалай аталды?
Осы жылдары күріштің жаңа сорттары «Сыр маржаны», «Айгерім» және «Янтарь» егіліп, астықтан мол өнім жиналды.
Егіншілікті дамытуды қолға алған сол кездегі аудан әкімі Салхаддин Мырзабеков ауданға бірнеше білікті ғалымды шақырып, оқу семинарын өткізіп, диқандардың біліктілігін арттыруға мән берді.
Күн тәртібінде егін орағын ұтымды ұйымдастыру туралы қарар қабылданды. Егіншілер жұмыс сағатын ұзартып, күнделікті жұмыстың ақпарын кешкі сағат 20.00-21.00-ге дейін тапсыру міндеттелді. Ол кезде жұмысшы бригадалар саны да артты. Мәселен, Қожакент пен Түгіскенде – 6, Сунақата мен Келінтөбеде – 5, Қыркеңсе мен Өзгентте – 4, Жаңарықта пен Баспақкөлде – 3 күріш бригасы еңбек етті.
Кооперативтерге бөлінген шаруашылықтарға мүліктерді жекешелендіру жүргізілді. Ауылшаруашылық техникаларын жекеге өткізу қолға алынды.
Осындай ұйымдастырушылық жұмыстардың арқасында Жаңақорған Сыр өңірінде алғаш рет «Үздік аудан» атанып, күріштен мол өнім жинады. Сол қуанышты күннің жәдігері ретінде салтанатты жиында табысталған «Samsung» теледидары аудандық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұр.
Бұл жөнінде аудандық өлкетану мұражайының экскурсоворды Құралай Дәрмен растап:
– Бұл теледидар сол кезеңдегі ең бағалы бұйым болды. Тәуелсіздік жылдары алғаш рет үздік аудан атанған сәттен сыр шертетін жәдігер көзге ыстық. Егінші қауымның ала жаздай атқарған еңбегі, маңдай терінің өтемі ретінде сыйланған бұйымның тарихта алар орны ерекше, – деді.
Тарихи сәтті еске алған ел ағасы Өмірсерік Тақырбасов:
– Тәуелсіздік алғаннан кейін экономиканы қайта құру ісі ауылшарушылығын дамытумен тікелей байланысты болды. Ауданда 1997 жылы егістік көлемі ұлғайтылып, білікті мамандар мен ғалымдарды іске араластырып, нәтижелі жұмыс жүрді. Ауданның ауылшаруашылығы саласында облыста үздік атануы аудан бюджетін молайтты. Осы жылдан кейін халықтың әл-ауқаты жақсарып, тұрмысы түзеле бастағанын аңғару қиын емес. Мол өнім алудың арқасында әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жәрдемақылар беріле бастады. Халық егіншіліктің арқасында жайлы өмір сүре бастады, – деді.
Тарихи дереккөздеріне назар аударсақ, «Алтын дән – 1997 жыл» мерекесіне орай облыстық Спартакияда өтіп, ауданнан қатысқан 32спортшы командалық есепте бірінші орын алуға барын салды. Спортшының 10-ы республикалық додаға жолдама алыпты.
Сол жылы ақын Адырбек Сопыбековтің «Айналайын» кітабы жарық көргені ел есінде. Сондай-ақ елде тұңғыш рет адамның жеке басын куәландыратын құжат әзірленіп, 1997 жылы 19148 жаңақорғандық жеке куәлігін алыпты. Бұл тарихи белес ретінде өткен шақтан елес береді.
Мақпал МАРҚАБАЙ