ЖАҢА ТОҒАННЫҢ» ТАРИХЫ
Кеңес Одағы кезінде 1930 жылы елімізде жаппай колхоздастыру шаруасы жүрген сәтте ауданда қос ірі шаруашылықтың аты шыға бастады. «Сауса» мен «Келінтөбе» ұжымы егіншілікті қолға алғаны сол еді, нәубет жылдар шаруашылықты тежеді.
Сонымен, 1932-1932 жылдары болған ашаршылықтан шаруашылық мүшелері тарап, басы ауған жаққа бет алды. Қаңырап қалған шаруашылықты қайта тіктеу де оңай шаруа болмады. Әр жерде шоғырланған он-онбес үйдің еңбекке жарамды жандарын біріктіріп, бригада жасақтады. Әрі екі колхозды тау беткейге көшіріп, егін егу ісіне ден қойды. Осы сәтте, егіндік алқапты суғару мәселесі туындады. Бұрынғы шағын ескі су қоймасы аты дардай болғанымен, су мөлшері мал суғаруға да жетпейтін еді. Шілдеде қайнары кеуіп, төрт түліктің өзі далақтап кететін. Малшылар қауымы «Кәрітоғанның» табаны кепкеннен соң суатты аймаққа бет түзеуші еді.
Ауылшаруашылығының өзекті мәселесін шешу үшін «Жаңа тоған» ісін кеңейтіп, мол мөлшерде қарқынды су жинау үшін іске кіріскен халық тау етегінен үлкен тоған көтеруді қолға алады. Осыдан бастап, елдің үлкен-жасы демей ауызбірішілікпен ел игілігі жолында қол біріктіре күндіз-түні еңбек етеді. Қарқынмен келген суды тежеу үшін биіктігі бес метрге дейін жететін белес жасайды. Оны су жырып өтпесі үшін 15 шақырым жерден тоғай талдарын, шеңгелін түйе арбамен тасып шегендейді. Есіл еңбек еш кетпей, алғашқы көктемде жүрген қарғын суды бөгеп, су көзін кәдеге жаратады. Осы тоғанның арқасында алғашқы жылдары 50 гектарға дейін жер жыртылып, егіс егіп, мол азық алды. Бидай астығын егуге дағдыланған диқаншылар жер-ананың ырзығын төкпей-шашпай жинап, жоғары жақтың марапатына ие бола бастады. Осылайша 4-5 жыл бойы тоғанды көтеріп, егістің көлемін арттырып, мемлекеттің астық қорын молайтуға қызмет етті. Қаншама ағайындар осы егістікте маңдай тері төгіліп, адал нанын жеді.
Ұлы Отан соғысы жылдары тоған жұмысы тоқтап, бірнеше жыл қараусыз қалады. Соғыстан кейінгі жылдары Талап совхозына Нұртай Палымбетов деген басшы ауысып келді. Ол менің есімде өте қамқор, әрі тынымсыз іскер азамат болып қалды. Себебі, су шайып кеткен тоғанды қайта қалпына келтіру үшін барын салды. Бүгінгідей құрылыс материалдары жоқ, әрі қол күші де өте әлсіз тұста, шатқаяқтап кеткен шаруаны түзетуде азаматтығы көрінді. Елуінші жылдары жүргізілген сол жұмыста жап-жас балалар мен кемпір-шалдар белсенділік танытты. Иыққа артқан бір-бір кенеп
қапқа толтырылған құмды тері сорғалап, жоғары шығарып жүрген батыр аналар мен жас балалар бел жазбай еңбек етуінің нәтижесінде айдын көлдей су пайда болды. Ара-тұра қатерлі жағдайлар да болып тұрды. Бірде тоған жарылып, су лап қойып, қаншама шығын келтірді. Осы сәтте халыққа қалқан болуы үшін алапат судың алдына қаппен құм тастап, қаншама ауылдастарының өмірін аман алып қалған жандар болды. Ауылдас ағайындарына қамқорлық танытқандар арасында Ахмет Шынтаев, Пірімқұл Керімқұлов, Әбдіқожа Боранов, Атақан Мәмбетовтердің есімін атауға болады. Сол жылдары егіс бригадирі болған Боранбек Қосаев, Мейірбек Абылбеков, Үсен Құлымбетов, Жолдықожа Мәмбетов халықты бірлікке ұйыстыра білді.
Қаншама талантты тұлғалар өмір есігін ашқан топырақтың тарихы бүгінгі ұрпаққа тәбәрік. Манап ақынның туған жерінде ел тарихының құнды жәдігеріне айналған қаншама тарихи нысандар бар. Елді ашаршылықтан аман сақтаған «Жаңа тоған» жанынан өткенде біздің аңғал балалық шағымыз, жақсы адамдарымыз, ел ағалары есімізге оралып, еріксіз көзімізге жас аламыз. Ауыл балалары болып, шілденің аптап ыстығында тасты топырағында табан күйгеніне қарамастан тоғанның суына суға шомылуға келетін кездерімізді айтсаңшы! Жүрегімізге ыстық мекеннің киелігі мен қайғы-қасіретін кейінгі ұрпақтар ұмытпасын деп, жадымызда қалған жағдайларды жазуды жөн көрдім.
Ермахан ТӨРЕҚОЖАҰЛЫ