Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » САУРАННАН ҚАЛҒАН САН БЕЛГІ

САУРАННАН ҚАЛҒАН САН БЕЛГІ


Сауранның бекініс құрылыстарының қалдықтары осы кезге дейін керемет әсер қалдырды. Қамал-қорғанның жалпақ дуалы шикі кірпіш араластырып қаланған күйдірілген балшық блоктармен салынған. Оның сақталып қалған биіктігі қазірдің өзінде 6 м-ге жетеді. Онда дөңгелек 4 мұнараның қалдықтары аңғарылады. Дуалдың сыртында тереңдігі 3 м-ге , ені 20 м-ден 50 м-ге дейін жететін ор болған. Қақпалардың алдында сыртқа ойысыңқы дуал бөлігінен құралған жиырма метрлік тар жолдар бар. Сауран қаласының тағы бір ерекшелігі – усадьбаларының көптігінде.
Аэрофотосъемка суреттерін талдау барысында Сауран маңында 350-ге жуық селолық усадьбалар болғаны анықталды.
         Ә.Марғұлан атындағы Археологиялық институтының экспедициясының зерттеу жұмысы нәтижесінде 2004-2005 жылдары Саураннан орта ғасырлық мешіттің орны табылды. Мешіттің сыртқы қабырға бойынша есептегендегі ені 31 метр, жалпы аумағы 1200 шаршы метр болады. Өзінің жобалық компазициясы бойынша Сауран мешіті Самарқандтағы Бибі-ханым, Ташкенттегі Жами және Бұқарадағы Калян жұма-мешіттерімен сыңарлас келеді.
         Бүгінде Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясы ортағасырлық Сауранның төңірегіндегі жобасы мен атқарған қызметтері әртүрлі болып келген сәулет ескерткіштерінің қиранды орындарында кең ауқымды зерттеулер жүргізуде. Жұмыстардың мақсаты аршылған архитектуралық бөліктерде «Қазқайтажаңғырту» арнаулы қайта қалпына келтіру кәсіпорынының күшімен консервациялау жұмыстарын жүргізіп, Сауран шаһарын ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру болып отыр.
«Жаңақорған» кітабынан.
09 сәуір 2018 ж. 1 621 0