Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сығанақтан алған әсерім

Сығанақтан алған әсерім


Төл газеттің №82 (8382) нөмірінде Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркіт Аяған ағамыздың: «Баға жетпес байлықтың үстінде отырсыңдар» деген көлемді сұхбаты шықты. Тарихқа қатты қызығамын. Сондықтан тебіреніспен оқып шықтым. Сығанақ шаһары жайлы мол ақпарат алдым. Сосын іргеде тұрған көне қалаға арнайы баруға бел будым.


Содан география пәні үйірмесінің жетекшісі Аяулым Рысбекова апаймен бірге Сығанақ қаласына бардым. Алғаш рет саяхаттап барған соң, тарихын, орналасқан жерін білуге тырыстық. Қала Сунақата ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 шақырымдай жерде орналасқан бес бұрышты төбе, аумағы 20 гектардай жерді алып жатыр екен. Тіпті кейінгі зерттеу мәліметтерінде хан сарайының маңының өзі 30 гектардан астам екендігі, ал Сығанақ қаласының аумағы 309 гектар екендігі анықталған. Дерек көздерінде қала өмірі VI ғасырдан XVIII ғасырға дейін созылғанын білдік.
Сапар барысында Аяулым апай бізге Сығанақ қаласы туралы баяндама оқып берді. Сығанақ жұрты екі бөліктен – шахристан және оған үш жағынан жанасып жатқан рабаттан тұрады. Оның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан шахристан кезінде пішімі бесбұрышқа ұқсайтын мықты қамал болған екен, оның өлшемідері: солтүстіктен 275 метр, солтүстік-батысы 175 метр, оңтүстік-батысы 190 метр және оңтүстік 175 метр, ал оңтүстік-шығысы 320 метр болыпты. Биіктігі 1,5 метрді құраған. Қасында Сунақ ата кесенесі бар екен.
Сығанақ қаласындағы салынған мәдени құрылыстар хандар арасындағы дүркін-дүркін болған шапқыншылықтан жиі-жиі талқандалып отырған. Соған қарамастан, Сығанақ тез еңсе тіктеп, мәдениетке ерте қол жеткізген, іргелі елге айналады.
Біз сол жердің табиғатымен, сексеуіл, адыраспан, ақбас, жусан, жыңғыл, жейде ағашы, жаңтақ, қарабарқын, қамыс өсімдіктерімен танысып, жері құм сауытты болып келгенін көріп суретке түсіп қайттық.
Жалпы бұл саяхаттан алған әсерім керемет болды. Тағылымға толы тарлан тарихтан сыр шерткен құнды жәдігерлер туралы әлі талай жазуға болады. Өйткені тарихы сөнбеген елдің ертеңі еңселі болады. Кім біледі біздің осы дәуір ғасырлар қойнауына енгенде, келер ұрпақ зерделеп сан сырлы құндылықтарды дәріптейтін болар. Ең бастысы елдің тарихы сөнбесін, тарих адамзаттың келешегіне жол, бүтіндей бір мемлекеттің іргетасын берік ұстайтын құндылық. Сондықтан осындай тарихи орындарға жиі барып тұру бізге қатты ұнайды. Аяулым Нұржанқызына алғысымызды айтамыз.
Мүмкіндік болса алдағы уақытта жиі келіп, біз білмеген құпиялардың сырын ашуға тырысамыз. Бұл бастамасы деп білемін, алдағы уақытта тағы сіздермен талай свяхатты бөлісетін боламыз. Өз жеріміздегі тарихи жерді білу біз үшін ең басты міндет.

Нұршапағат САБЫР,
№169 мектептің 7 сынып оқушысы

28 қазан 2020 ж. 652 0