№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әл-Фараби және Абай: мыңжылдықтың қос шырағы

Әл-Фараби және Абай: мыңжылдықтың қос шырағы


Мыңжылдықтың басы мен ақырында дүниеге келген, араларында ғасырлық ұзақ жол жатқан Әл-Фараби мен Абайды бір-бірімен үндес, өзектес, тамырлас, тағдырлас ететін нендей күш, нендей сыр?
Осы ретте оқырманымызды Әл-Фарабидің өмірбаянымен таныстыра кетсек.


Ұлы ғалымның туған жері Фараб жазирасы, ол кейін Отырар деп аталған.
Әл-Фараби заманында Түркістан елі исламды қабылдап, ғылыми, мәдени салада араб тілін меңгере бастаған. Сондықтан Әл-Фарабидің ғылымды сол тілде жазуы түсінікті. Ертедегі мәліметтерде Отырар жоғары мәдениетті қала, оның кітапханасы Александриядан кейінгі екінші кітапхана деп саналған.
Отырар сол кездегі ірі қаланың бірі еді. Оның әкесі сол жердегі ірі, ауқатты, ықпалды кісілер санатынан болды. Әл-Фараби 12 жасында керуенге ілесіп, Бағдатқа оқуға келіп, ғылым үйренген. Бұл жерде ғалымдар үйі (байт алхақма) ерекше құрметтелген. Болашақ ғалым осы жерде тіл үйренуге барынша ден қойды. Алдымен ол астрономиялық аспаптар жасауға кіріседі. Оптика заңдарын геометриялық әдіспен дәлелдеудің жолдарын ойлап табады.
Астрономия, архитектура, музыка осы үш саланы бірдей зерттеу негізін қалайды. Физика, алхимия, медицина салаларында зерттеулер жүргізеді. "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы", екінші кітабы "Аристотель мен Платон көзқарасы бірлігінің негіздері" сынды философиялық туындылары өмірге келеді. "Екінші оқулық" (Тағлым әл-сани) еңбегін жазады. Жоғарғы табиғатты тану негізі (Космология) және Музыканың үлкен кітабы деген еңбегі жарық көреді. Музыканы зерттеу еңбегінде жалпы дыбыстың қасиеті, табиғаты, тарау заңы, оның адамға әсер ететін үндестік ережесін талдаумен қатар музыкалық аспаптарға да егжей-тегжейлі тоқталады.
Астрономия – музыка – геометрия – архитектура, мұның бәрі адамды азаматтыққа тәрбиелейтін, үлкен ойға апаратын, ой-өрісін кеңейтетін педагогикалық-математикалық ғылым­дар тарауы деп қорытады.
Әл-Фараби қағидасы бойынша көзге көрікті зат құлаққа да жағымды дыбыс береді. Табиғат дүниесіндегі көріктің ғажабы аспан шырақтарында, жердегі заттың дыбыстық көркі – музыкада. Ол өнер адамының жан-дүниесіне жалғасады. Музыка мақамы адамның ғажайып гармониясын түсіндіреді. Осындай дәрежеге көтерілген адамдар ғана философиямен айналысу керек дейді баба.
Ол адамды шындыққа жеткізетін жол – ғылым жолы деп білген де, барлық өмірін сол жолға жұмсаған. Сол себепті халық оны әулие санаған.
Ғұлама “Қайырымды қала басшысының қасиеттері туралы” деп аталатын еңбегінің 28-бөлімінде Бірінші басшының қасиеттері туралы былай деп өрнектейді: “Мұндай адам өзіне ешкім билік жүргізбейтін билік иесі. Міне, бұл адам имам, ірі елдің бірінші басшысы, ірі ұлттың билеушісі, әлемнің билеушісі болады.
Мұндай жағдайға тек бойында жаратылысынан 12 табиғи қасиеті бар адам ғана жете алады:
Қоғамның бірігуінің нәтижесінде баршаның өмір сүруі және кемелдікке ұласуы үшін қажетті нәрселерге мүмкіндік туады.
Ең жоғары парасат пен ең жоғары кемелдікке ең алдымен тек қана қоғамда қол жеткізуге болады. Шын мәнінде, жақсылықтар таңдау мен ерік арқылы қол жеткізуге болатын ерекшелік болғандықтан, жамандық та тек қана таңдау мен еріктің жемісі болғандықтан жаңа мүдделерге қол жеткізу үшін адамдардың бір-біріне жәрдем беретін болмыс ретінде құрылуы мүмкін. Сол себепті де барлық қоғамда бақытқа қол жеткізе алмауымыз мүмкін.
Олай болса шын мағынада бақытқа қол жеткізетін ізгі нәрселер үшін адамдардың бір-біріне көмектесуін мақсат еткен ел ізгі, кемелденген ел болып табылады. Адамдары бақытқа жету үшін бір-біріне көмек берген қоғам ізгі, қайырымды қоғам болып табылады. Барлық елді өзара бақытқа жеткізетін нәрселер үшін бір-біріне көмек беретін бір ұлт – ізгі, қайырымды ұлт болып табылады.
«... Бұл кісіден бұрын да, кейін де даналар болды. Бірақ олардың ішінде ... дәл Фарабидей геометрия, музыка, астрономия сияқты үш ғылым саласына бірдей ұлы үлес қосқан, аса ірі жаңалық ашқан ғалымдарды табу қиын. Платон, Аристотель, Птоломей сияқты ғұламалар музыканы жөнді меңгере алмағанын өздері жазып кеткен». Бұл жарты ғасырдай уақыт бойы үзбей Әл-Фараби мұрасын зерттеумен шұғылданып келе жатқан ғұлама ғалым Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани тұжырымы.
– Шындығында Әл-Фараби тек ғалымдығымен ұлы емес, ол көп қырлы ғұлама, өнерпаз ақын да. Ал біздің заманымызда оған жақын, рухани сабақтас адам бар ма десек, біз алдымен Абайды айтар едік. Ұлы адамдар дүниеге мың жылда бір-ақ келеді дегендей қазақ топырағынан шыққан екі ойшыл данышпанның арасы да мың жыл шамасы, – дейді ол.
Екі ұлы бабаларын ұрпағы дана дейді. Сонда олардың даналығы неде?
Заманымыздың ойшылы М.Әуезов халқымыз нәр алған руханияттың үш қайнар көзі бар деген-ді. Олар, бірінші – қазақ халқының көнеден келе жатқан мәдениет імен өнері, екіншісі орыс мәдениеті сол арқылы келген Батыс мәдениеті, үшіншісі – Шығыс мәдениеті мен өнері. Осының үшеуінің де Абайға да, Әл-Фарабиге де ортақ.
Көп жылдар бойы ізденістің, бабаның ғылыми трактаттары мен тарихи оқиғаларды салыстыра зерттеу нәтижесінде кітапта авторӘл-Фараби – Абай даналығын жалғастырар ұқсастықтарды логикалық жолмен түйіндеумен шектеліп қаймай, дәлелді дәйектер де ұсынады. Сондықтан да ұлы бабаның Абайдағы рухани жалғасын кі­тап авторының: әдебиет, поэзия саласынан, музыка, есеп саласынан, аспантаным, логика, философия, дін және инабат пен тәлім-тәрбие салаларынан іздеу салып, бәрін байланыстыра қарастыруын құптайсыз.
Егер Абайдың ғылыми мирастар деңгейін шырқау биікке көтерген Әл-Фараби ілімінің нұр сәулесі десек, кестенің бізіндей өрнекті Абайдың көркем де нәрлі тілі арқылы ұлы бабаның терең қағидалары саф алтын күйінде түсінікті түрде халқына жетті. Бұл халқымыздың рухани өміріндегі биік асуы деуге әбден болады. Сөйтіп ұлы бабамыздың ғылыми мирастарын туған ел топырағына оралтып, халық санасына жеткізуші Абай болғаныдығына автор салиқалы ой түйеді.
Ал Абай қара сөздері ғылыми ойға, философиялық толғамға тұнып тұр.
Әл-Фараби ілімінің ізін Абай шығармаларының бәрінен кезіктіреміз. Табиғат танудағы Әл-Фарабидің басты еңбегі «Табиғат тағылымы» идеясы Абай шығармаларында кеңінен айтылатыны екі алып арасында желі болып тартылады да отырады.
Мәселен, Әл-Фараби «Ғылымның көркі оның иесін танудың жолы» екендігін ескертсе, Абай «жер жүзін безендірген тәңірім шебер» деп ғалым иесіне тәубе келтіреді. Немесе бабаның: «Әр адамның ғаламда орны бар» деген тұжырымын Абай: «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан» деп нақтылай түседі. Әл-Фарабидің ғаламның тартылыс күші магнитте, жер заты – темір деп бүгінде қапысыз дәлелденген тұжырымын, Абай: «Қара жер адамзатқа болған мекен, қазына іші толған әр түрінен. Ішінде жүз мың түрлі асылы бар. Солардың ең артығы қайсысы екен?» деп жұмбақтап, баба ойын өлеңге айналдырады. Оның шешуі темір екенін өзі айтады.
Әлемнің жұмбағын тану үшін сана, парасат қажет. Ол үшін әр затқа есім беріп, ажырата білу керек. «Дүние ғажап сен есім,
Жаһли көзбен қарасаң,
Дүние – қоқыс, сен – мешін»
Көне заманғы осы ойды Абай былай деп өрнектейді:
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан».
Екі дана да дүние – ғажап құбылыс екендігін, әр заттың, әр адамның өз орны болатынын, орнын тапқанда ғана қадірі артатындығын, яғни Әл-Фараби – Абай қағидасының «адам табиғаттан үйренеді» дегенге саятындығын түсіндіреді.
Абайдың ғақлия, ғылым – құдырет, жүрек таразысы – инсаф, өмірдің өзі – шындық тәріздес әр қайсысы бір-бір томдық шығармаға өзек боларлықтай қағидаларының Әл-Фараби мирасынан түйген даналық екені дау тудырмайды.
Зерделілердің осы айтып кеткен ой-түйіндерін бұл күнде ғылым растап отыр. Адамзат өз мекенінде жарастықпен тату-тәтті, ынсаппен қанағатпен ғұмыр кешпесе өз мекенін өзі ойрандайды. Кешегі кеңес империясы кезінде ұлт басына түскен трагедия осыны дәлелдеп берді. Осыны көріп, болжағандай, дана Абайдың: «Адаспайтын хакімдер болмаса, дүние ойран болар еді» деген сәуегейлік сөзі мың жыл бұрын «Қайрымды қала адамдары» кітабында баба айтқан оймен астасып жатуы кездейсоқтық болмаса керек.

Баян ҮСЕЙІНОВА
04 ақпан 2020 ж. 1 413 0