» » 9-ШЫ РЕТ БҰЙЫРҒАН КУБОК

9-ШЫ РЕТ БҰЙЫРҒАН КУБОК

Иә, кеше Копа-Америка Кубогының 2019 жылғы жеңімпазы анықталды. Ақтық сында Перумен жолы түйіскен бразилиялық жігіттер араға 12 жыл салып чемипиондық атақты қайта қолға алды. Екі жыл қатарынан Чили құрамасына бұйырған алтын тұғыр енді Алвес бастаған футболшылардың қанжығасында.
Жалпы футбол сүйер қауым бұл турнирді Месси жеңгенін қалаған. Себебі, біріншіден Месси бұл кубокті бірде-бір рет жеңбеген, екіншіден, егер осы турнирде жеңімпаз атанса, онда "Алтын доп" аргентиналыққа бұйырары сөзсіз еді. Дегенмен, жартылай сында Аргентинаның сағын Бразилия сындырды. Ал, үшінші рет чемпиондық атақты қорғап қалуға тырысқан Санчес бастаған жігіттерді Перуліктер қапы қалдырды. 
Сонымен, ойынның небәрі 15 минутында Эвертон гол соғып, Бразиялияны алға шығарды. Ал, 44-минутта Герреро 11 метрлік айып добын сәтті орындап, есепті теңестіреді. Көп ұзамай Бразилияның жас таланты Габриэл Жезус есепте командасын алға шығарды. Ол тіпті 70-минутта алаңнан да қуылды. Ал, ойынның нүктесін 90-минутта Ришарлисон (пенальти) қойды.
Сөйтіп Бразилия Әлем чемпионатын 5 рет, Копа-Америка кубогын 9 рет жеңіп алды.

Бразилия 3:1 Перу


08 шілде 2019 ж. 683 0