№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ШОЛУ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ШОЛУ

Төрткіл дүние көзін тіккен 21-ші доп бәсекесі аяқталды. Ендігі төртжылдықтың басты додасы Катарда өтеді. Біз Ресейде өткен аламанды сараласақ. Сонымен, өз тарихында екінші рет француздар үздік құрама атанды...
Алдымен, тарих не дейді? Соған тоқталсақ. Бастау­ын 1930 жылдан алатын футбол тойында бес рет кубокты еншілеген Бразилия үстемдік құрып тұр. Оның ізінше төрт рет чемпион атанған Германия мен Италия келеді. Биыл үшінші рет тұғырдың биігіне көтерілуге талпынған уругвайлықтар мен аргентиналықтар жарыста ерте аяқтады. Міне, Францияда осы тізімге екі рет чемпион атанған құрама ретінде ілікті. Демек, Латын америкалықтар 9 рет, еуропалықтар 12 рет Әлем чемпионатының кубогын иеленді. Ал, әзірге сары және қара құрылыққа бұл жүлде бұйырар емес.
Енді футбол тойының ақтық бәсекелеріне тоқталсақ. 2002 жылы Азияда өткен аламанда Бразилияның алдына шығатын команда табылмады. 2006 жылы Зидан бастаған француздар италиялықтарға есе жіберді. 2010 жылы испандықтар нидерланд футболшыларынан айласын асырды. 2014 жылы «неміс машинасын» тоқтату мүмкін болмады. Бұл жолы француздар бәрінен мықты болды.
Олай болса, көпшіліктің сүйкімді құрамасына айналған Хорватия мен турнирдің фовариті саналған Франция арасындағы матчқа тоқталсақ.
Мәскеудің «Лужники» стадионында қос команда тыңғылықты дайындалып шығыпты. Хорваттар мен француздар алаңның әрбір нүктесінде допқа таласып, ойында басымдық танытуға барын салды. Дегенмен, хорваттардың белсенділігі жоғары болғаны көрініп-ақ тұрды. Ал, Франция құрамасы қарымта шабуылға шығып өз мүмкіндігін күтті. Бұл тактика өз нәтижесін берді. Ойынның 18 минутында француздар айып соққысын орындап, нәтижесінде Марио Манджукич өз қақпасына гол соғып алды. Алайда, 10 минуттан соң «Интер» ойыншысы Иван Перишич есепті теңестірді.
Кезекті шабуылдың бірінде Анте Ребич өз айып алаңында қолмен ойнап, бас төреші Нестор Питана «VAR» көмегіне жүгінгеннен кейін пенальти белгіледі. Мұндайда Антуан Гризманн қалт кетсін бе? Есепті 2:1-ге жеткізді.
Екінші тайм бастала салысымен хорваттар француздарды өз айып алаңдарына тығыстырып, ойынды өз түзгініне алғандай болды. Қайта-қайта шабуылдап, Дешам шәкірттерінің әбден есін шығарды. Осындай шабуылдан аздап ес жиып, алға қарай шыққан үш жолақты ел ойыншыларының қарымта шабуылдардың бірінде ашық қалған хорват айып алаңын сәтті пайдаланды. Поль Погба алыстан дәл соққы бағыттап, Субашич қақпасынан саңылау тапты. Осыдан кейін ойын тіпті шиеленісе түсті. 65 минутта осы әлемдік бәсекеде ең жас, әрі үздік ойыншы атанған Килиан Мбаппе өз еншісіне төртінші голын жазды. Осылайша, 4:2 есебімен Франция басым түсті.
Француздар араға 20 жыл салып әлем кубогын қайтара төбелеріне көтеріп, тарихты жаңартты. Ал, хорваттар болса әлем елдерінің сүйікті командасына айналды. Лука Модрич әлем чемпионатының алтын добын иеленді. Біз де хорваттар үшін қуаныштымыз, олардың ерлігі футболға дейін шынайы сезімді қайта оята алды.
Әлібек ТЕМІРБЕК.
17 шілде 2018 ж. 782 0