» » ЮВЕНТУС – СЕГІЗ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ҮЗДІК

ЮВЕНТУС – СЕГІЗ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ҮЗДІК

   Сонымен көптен күткен Италия чемпионатының чемпионы анықталды. Бірақ, мерзімінен бұрын. Кеше чемпионаттың 33 турында өз үйінде «Фиорентинаны» 2:1 есебімен жеңген «Ювентус» чемпиондық атақты ерте рәсімдеді.
   Алтыншы минутта «Фиорентина» футболшысы Никола Миленкович қонақтарды алға шығарған. Алайда 37 минута Алекс Сандро есепті теңестірсе, 53 минутта Херман Пеццельи гол салып, «Ювентуске» жеңіс сыйлады. Осылайша, бес тур бұрын 87 ұпай жиған «Ювентус» енді ешкімді шаңына да ілестірмейтінін анық дәлелдеді. Сөйтіп, қатарынан 8 рет "А" сериясының чемпионы атанды.
    Ал, әлем футболының жарық жұлдызы Криштиану Роналду болса Англия, Испания және Италия чемпионатын жеңген тарихтағы тұңғыш футболшы атанды.
    Ол 2007-2009 жылдары «Манчестер Юнайтедпен» АПЛ-ды ұтып алса, 2012-2017 жылдары «Реалмен» Ла Лигада топ жарған болатын. Енді Италияны да бағындырды. Ол келер жылы Чемпиондар Лигасын жеңіп алса, онда тағы тарихқа алтын әріппен есімін жазады. Яғни, үш командада ойнап, үш рет осы бәсі биік тунирді жеңген әлемдегі жалғыз ойыншы атанады. Сәттілік дейміз... 

21 сәуір 2019 ж. 752 0