№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » РОНАЛДУ СӨЗІНДЕ ТҰРДЫ. ЮВЕНТУС КЕЛЕСІ КЕЗЕҢДЕ

РОНАЛДУ СӨЗІНДЕ ТҰРДЫ. ЮВЕНТУС КЕЛЕСІ КЕЗЕҢДЕ

Әлем футболының жарық жұлдызы Криштиану Роналду ЧЛ-ның кезекті ойынында Атлетикодан жеңілгеннен кейін жанкүйерлерді тек қолдауға шақырды. Ал, команда келесі кезеңге шығатына сенім білдіріп, өзі бар күшін салатынын мәлім еткен болатын. Ол уәдесінде тұрды, жанкүйерлер қолдау көрсетті, Роналду болса үш гол соқты...
Сонымен, кезекті қызық ойынның куәсі болдық. Аякс, Юнайтед, Порту, енді міне Ювентус керемет ойын көрсетті. Туринде өткен тоқсан минут тек алаң иелерінің шабуылымен өрбіді. Бұған дейін Мадридтік команданың қақпасына бір рет хет-трик жасаған Криштиану бүгін тағы да Симеоне шәкірттерін сан соқтырды. Тіпті, Атлетиконың барлық ойыншылары бір португалдықтың қақпаға жасаған соққысына жауап қайтара алмады.
Сөйтіп, Массимилиано Аллегри шәкірттері келесі кезеңге өтті.
Қорытынды есеп 3:0. Ювентус ширек финалда. 
«Ювентус» 3–0 (3-2) «Атлетико Мадрид»

1-0 Роналду (Бернардески) 27'
2-0 Роналду (Канселу) 49'
3-0 Роналду (пен.) 86'
13 наурыз 2019 ж. 791 0