Сырмедиалықтар – жеңістің тұғырында
Олимп шыңын бағындырған саңлақтар елінің туын желбірете жүгіріп, сезімімен бөліскенін талай рет көрдік. Чемпиондар Лигасынан дара шыққан командалар әсерлене алаңды жүгіретінін білеміз. Осындай эмоцияны жақында сезіндік. Сонымен...
Түркістан шаһары 4-5 сәуірде Ұлы Дала Елінің түкпір-түкпірінен келген қаламгерлердің басын қосты. Ондағы мақсат – шығармашылық ұжымдардың әріптестік байланысын арттыру, журналистердің достық қарым-қатынасын қалыптастыру және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Алдымен қаламгерлер Түркістан қаласындағы тарихи һәм өндірістік орындарды көріп, алаштың рухани орталығының әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени тыныш-тіршілігімен танысты.
Екінші күні «Астана» футбол алаңында Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Орал, Қызылорда, Талдықорған, Көкшетау, Шымкент қаласы және Түркістан облысының командалары үздік ұжымды анықтау үшін төрт топқа бөлініп, сынға түсті.
Командалар арасында осалы жоқ. Мәселен, 2018 жылы 18 желтоқсанында Шымкент қаласында өткен «Тәуелсіздік – тірегім» атты республикалық турнирде «Хабар» арнасының командасы дара шыққан-тұғын. 2018 жылы 30 маусымында Елорда төрінде өткен Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған дәстүрлі турнирде «Ақмешіт» командасы үздік атанған еді. Сондай-ақ, Тараз-Пресс, Талдықорған, Алматы құрама командасы талай-талай турнирлерде олжа алғандықтан фавориттер қатарында болды. «В» тобына түскен «Сыр медиа» ЖШС-нің «Сығанақ» («Жаңақорған тынысы» мен «Өскен өңір» газетінен құралған) командасы белгісіздеу ұжымнан. Сондықтан спорт сүйер қауым жүлдегерлер санатына жатқызбағаны анық.
Сырмедиалық жігіттер алғашқы ойыннан-ақ ширақ қозғалып, 7:0 есебімен Оралдан келген әріптестерінен басым түсті. Топтық кезеңдегі екінші ойын тараздықтармен болды. Берік Уәли ағамыз қалыптасуға ықпал еткен команда ойыншыларының шеберлігі шыңдалған, тәжірибесі толысқандықтан ойында басымдыққа ие болды. Қорытынды есеп 1:3.
Топтан екінші орын алғандықтан «С» тобының үздігі «Ақмешітпен» жолымыз түйісті. Қос қызылордалық команда аймақтық жарыстарда талай рет кездесіп, бір-бірінің ойын өрнегін жақсы біледі. Жауапты ойында бірінші қателік бәрін шешеді. Футболшылар осыны қаперге алып, бір-бірінің адымын аңдып, сақтық танытты. Кескілескен алма-кезек шабуылдар барысында қарсылас командадан саңылау табылды-ау! Керегіде осы еді. Есептегі айырмашылықты қысқартуға ұмтылған ақмешіттіктер қателіктерге бой алдырып, есе жіберді.
Жартылай финалда Алматы қаласының құрама командасымен кездестік. Кәнігі футболшылардан жинақталған алматылықтар алғаш болып есеп ашты. Араға бірнеше минут өткенде есеп теңесті. Бірақ, қуанышымыз ұзаққа созылмады. Қарсыластар қайтадан алға шықты. Мұндайда уақыт зымырап өтіп жатқандай көрінбей ме? Секундтар сырғып барады. Ойын аяқталуға бірнеше минут қалғанда есеп 2:2 болып теңесті. Ақтық сынға өтетінде команда пенальти арқылы анықталды. Алғаш допқа сығанақтық шабуылшы жақындады. Әшейінде жақын-алыс қашықтықта қақпаны дәл көздейтін Мұхамеджанның (Муха) добы қақпашының қолынан табылды. Бағымызға орай қарсылас команда ойыншысының тепкен добы қисық ұшты. Біздің екінші футболшымыз Абай Айтжанның да добы қақпаға дарымады. Тек Алмат Қантаевтың ғана тепкен допы қақпаға дарыды. Бәрі бітті. «Енді үшінші орын үшін дайындалу қажет» деп пайымдап тұрғанымызда қақпашы Әлібек Жарықбаев қақпаны сәтті күзетсе, қорғаушы Нұрсұлтан Қамбаров пенальтиді сәтті орындап, есепте алға шығуға жағдай жасады.
Финалдағы қарсылас – Тараз-Пресс. Бір турнирде бір командадан екі рет ұтылсақ өз-өзімізді кешіре аламыз ба? Сол себепті ерік-жігерді жинап, бір рет қайрат көрсету қажет-ақ. Әріптесіміз Елдос Жүсіп бастаған жігіттер бір-бірімізді осылай қайрап, бойымызға күш-қуат жинадық. Осыған дейін финалға татитын ойын өрнегін көрсеткен едік. Соны қайта қайталау керек. Бірақ, бұл оңай шаруа емес. Сонымен ойын басталды. Бабы келіскен қарсылас команданың ойыншылары жеңіс үшін келгенін дәлелдеп, бірінші болып гол соқты. Сосын екіншісін қақпаға дарытты. Сығанақтықтар есті жимаса бас жүлде уыстан сырғитыны сөзсіз. Қолдаушыларының демеуінен қайраттанған сығанақтықтар ойын соңына дейін есепті теңестірді. Бағымыз болар ойын соңындағы пенальтиден басым түсіп, «Жаңарған Түркістан» республикалық турнирінде чемпион атандық. Қола жүлдені «Хабардан» басым түскен Алматы құрамасының ойыншылары еншіледі.
Жеңімпаз бен жүлдегерлерді турнирды ұйымдастырушы Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев марапаттады.
Турнирдің «Үздік ойыншысы» сыйлығымен белгілі спорт журналисі, Алматы қаласының өкілі Жандос Айтбайұлы марапатталса, «Хабар» агенттігінің капитаны Нұрсұлтан Құрман үздік шабуылшысы деп танылды. Жастармен тең дәрежеде ойнап, шеберлігін паш еткен Шоқан Маханов (Алматы) үздік қақпашы атанса, турнирдің «Үздік қорғаушысы» сыйлығымен Алматы облысынан келген Рүстем Қанапиянов марапатталды. «Жаңарған Түркістан» додасында ең ардагер ойыншы атанған «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллинге (БҚО) Октябрь Жарылғапов атындағы сыйлық тапсырылды. Ал әділ әрі таза ойнағаны үшін Әбдісалан Нұрмаханов атындағы сыйлыққа «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Ербақыт Амантай (СҚО) лайық деп танылды. Көрермен көзайымына айнала білген «Қазақ спорты» газетінің журналисі Бек Төлеуге Бекзат Саттарханов атындағы жүлде тапсырылды.
P.S.: Турнирдің аяқталғанына бірнеше күн өтті. Турнирге үлкен дайындықпен келген кәнігі қарсыластардан басым түстік. Қандай күш, қандай құдірет әсер етті десеңші?! Мәселенің байыбы мынада: өңірлік турнирлерде бір-біріне қарсылас болып жүретін екі газет ұжымы бірігіп, ортақ команда құрап, күш-қайратын бір арнаға тоғыстырғаны берекені арттырды-ау! Жеңістің сыры осы болса керек-ті.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.