№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАС БОКСШЫЛАР – ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

ЖАС БОКСШЫЛАР – ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА


Өткен жұмада Жосалы кентінде бокстан халықаралық, жарыстардың жеңімпазы, талантты боксшы Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған облыстық ашық турнир өз мәресіне жетті. 2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасындағы біріншіліктің бір ерекшелігі – облыс құрамасының сапына жаңадан жеткіншектерді қосып, ел чемпионатына жолдама берді. 20 салмақ дәрежесі бойынша 210 боксшы сынға түскен облыстық турнирге Жаңақорған ауданынан 20 жас боксшы қатысты. Бокс жаттықтырушысы Жандос Жаназаров бастап барған былғары қолғап шеберлері Жосалыдан олжалы оралды. Жалпы, саны 9 медальды қанжығаға байлап, ел біріншілігіне 6 жолдама жеңіп алды.

– Жаңақорғандық өрендер намысты қолдан бермеді. Жеңісті тұғырдан көріну үшін барын салды. Дайындықпен қоса шеберліктері шыңдалып, қарсыластарынан басым түсті. Бұл турнир биыл бесінші мәрте жалауын көтергендіктен осал боксшылар болмады. Барлығы да сен тұр, мен атайын. Десе де, тұрақты жаттығу мен дайындықтың нәтижесінде тоғыз спортшымыз топ жарды. Аудан үшін бұл үлкен жетістік, – деді жаттықтырушы Жандос Жаназаров.
Сондай-ақ Ж.Жаназаров кенттегі №7 ОРМБЖМ директоры Әбдіғаппар Ашимов пен аудан орталығындағы мектеп директорларына ризашылық білдірді. Өйткені, оқушыларды дәрістен босатып, жарысқа қатысуына мүмкіндік жасаған. Яғни, аудандық білім бөлімі басшысы Б.Ибрагимов, №110 мектеп-лицейінің директоры Ә.Таждинов, №163 орта мектебінің директоры К.Жақыпбекова, №125 орта мектеп басшысы Ж.Ибрагимовке алғысын жеткізді.
Ендігі кезекте, жеңіс тұғырынан көрінген өрендердің тізімін тарқатсақ. Бірінші кезекте жеңімпаздар қатарында: Нұрасыл Мыңжасар (34кг) І-орын, Бақберген Тұрсынбай (30кг)ІІ-орын, Бағдәулет Құрбанай (38кг) ІІ-орын, Асылжан Қалжан (46кг) ІІ-орын, Олжас Мүтән (48кг) І-орын, Аслан Елдібайұлы (66кг) І-орын алды. Ал, жүлдегерлер қатарында: Рахымжан Орынбасар (42кг) ІІІ-орын, Бағдәулет Әлім (44кг) ІІІ-орын, Нұрмұхаммед Сейдулла (48кг) ІІІ-орын, Бексұлтан Әбила (50кг) ІІІ-орын алып, аудан абыройын асқақтатты.
– Бокс үйірмесіне қатысып жүргеніме 4 жыл болыпты. Кешегі Жосалы кентінде өткен турнирде бапкерімнің айтқан барлық тапсырмасын шаршы алаңда орындауға тырыстым. Дер кезінде қарсыласымның осал тұсын тауып, ауыр соққы жұмсауға барымды салдым. Сәтін салса, ел біріншілігіне жолдама қолда. Енді тек, ерінбей жаттығу мен дайындық барысын үдетуім керек, – дейді жарыс жеңімпазы Олжас Қоғамбекұлы.
Иә, бүгінде ауданда бокс спортының қарыштап дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған, әліде болса ізінен ерген жастарға ақыл-кеңесін беруден аянбайтын Құрбаш Сарқұлов ағамыздың қолтаңбасы өзіндік нәтижесін беруде. Оған қоса, білікті жас бапкерлер Дінмұхаммед Абайхан мен Нұрбек Исаев, Жандос Жаназаров мектебінен тәлім алып жүрген жас спортшылардың келешегі кемел. Болашағы баянды. Бұған әрбір қатысып жүрген жарыстағы жеңісті жолдар дәлел.

Әбдісамат ӘБДІШ.

13 ақпан 2019 ж. 1 190 0