№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ТОП 10: ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ТАНЫМАЛ СПОРТШЫЛАР

ТОП 10: ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ТАНЫМАЛ СПОРТШЫЛАР

Ескерте кетейік, төмендегі спортшылар 2018 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылды. Яғни, біз әлі де спортта жүрген жерлестерді назарға ілдік. Әйтпесе, Серік Ибрагимов, Жасұлан Мұхтарбекұлы сынды саңлақтарды әлем жұрты жақсы таниды. Сонымен...

1.Төр әрине Дәулет Ниязбековтікі. Еркін күрестен Әлем чемпионатының жүлдегері, Олимпиадаға қатысушы, сондай-ақ, бірнеше Халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Есімі тек елге ғана емес, әлем халқына танымал балуан. Сондықтан, көштің басын Дәулет бастап тұр. 
2.Күміс сатыға Ғалымжан Өсербаев тұрақтады. Ол да Дәулет сынды аты біразға шапты. Биылғы жылы Д.Қонаевты еске алуға арналған Халықаралық додада күміспен қуантқан болатын. Жалпы, бұл балуанды көпшілік жақсы таниды. 
3. Қолаға қол созған Олжас Оразалыұлы болды. Ол ересектер арасынан биыл тұңғыш әлемді бағындырды. Сөйтіп, тарихты қайта жаңғыртты. Есімі еленбей жүрген жастың аты қазақ еліне бірден тарады. Яғни, парадзюдодан Әлем чемпионатында алдына жан салмады. Небәрі 18 жаста екенін ескерсек Олжастан әлі бұдан да биіктерді күтеміз.
4. Төрттің төріне Меруерт Әбубәкір жайғасты. Белбеу күресінен талай шыңға шыққан балуан қыз биыл дзюдодан бағын сынап көрді. Алғашқы қадамы күміспен аяқталды. Бұл өте керемет көрсеткіш. 
5.Одан кейінгі орын Мереке Құдайбергенованыкі. Ол да белбеу күресінен ел біріншілігінде бағы жанған қыз. Дзюдодан да табанды өнер көрсете бастады. Осыдан кейін Мереке танымалдылардың тізімінде үздік бестікке ілінді. 
6. Жанерке Сейітқасым. Көпшілік тани бермейтін болар. Десе де, Жанерке биыл әлемдік аламанда Қазақстан құрама сапында өнер көрсеткен гандболшы қыз. Ол онымен қоса мектеп оқып жүргенде-ақ спорт шебері деген атақ алып үлгерген. Сондықтан, оны Сыр елі ғана емес, қазақ жұрты жақсы таниды.   
7. Шерхан Мақсұт. Қол күрестен жасөспірімдер арасында Азияны бағындырған ұл. Әлем біріншілігінде де мықтылығын көрсете алған Шерхан біздің рейтингте жетінші орынға жайғасты.
8. Сегізінші орын – Алдаберген Нұрлыбек. Жалпы, Нұрлыбек қазақ күресінен ел чемпионатында аты шығып жүр. Ал, белбеу күресінен әлемдік додаларда атой салып жүр. Сондықтан, жас балуан біздің тізімге енді. 

9. Ерлан Әптаев.
Жасы қырықтан асса да "Папен" үлкен спорттан кеткен жоқ. Оны Сыр елі емес, көршілес Түркістан, Шымкент спортшылары жақсы таниды. Бала кезден ала допқа жаны құмар ол бүгінде шәкірт тәрбиелеуде. 

10. Үздік ондықты Азамат Шағапұлы түйіндеді. Еркін күрестен Дәулет пен Ғалымжанның ізін жалғап келе жатқан Азамат біздің рейтингте 10 орынға жайғасты. Биылғы жыл Азамат үшін табысты болмаса да, ол өзінің танымалдылығын сақтап қала алды. 
Міне, бүгін біз 2018 жыл кімдер үшін табысты болғанын тізімге түсірдің. Келер жыл да аудан спортшылары үшін табысты жыл болсын. Сәттілік!
25 желтоқсан 2018 ж. 2 256 2

Гость Jeahulalf от 16 ақпан 2019 23:33
Amoxicillin Apple Cider Vinegar Levitra Ohne Kreditkarte Algodones Mexico Purple Pharmacies cheap cialis online Secure Ordering Dutasteride Medication Price Shipped Ups Store Falkirk Prescription Free Amoxicillin Cialis Funciona De Verdad

Гость Jeahulalf от 7 наурыз 2019 02:24
Online Pharmacy Propecia Buy buy zoloft on line Amoxicillin Side Effects Sexual Excitement Cialis Vendita In Svizzera Orlistat