№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕУРО-2020: ҚАЗАҚСТАН ІРІКТЕУДЕН ІРКІЛМЕЙ ӨТЕ АЛА МА?

ЕУРО-2020: ҚАЗАҚСТАН ІРІКТЕУДЕН ІРКІЛМЕЙ ӨТЕ АЛА МА?

   Таяқ жерге тасталды, Еуропа іріктеуі басталды. Сонымен кеше жеребе тарту рәсімі сәтті аяқталды. 10 топқа бөлінген кәрі құрылықтың 55 елі 2 жылдан кейін өтетін чемпионатқа дайындықты бастап кетті. Бұл сында Қазақстан да бар. Біздің футболшылар "І" тобында өнер көрсетеді.
    Бұл топта әлемдегі ең мықты ұжымдардың бірі Бельгия мен Ресей де бар. Сондай-ақ, футболы енді дамып келе жатқан Шотландия мен Кипр және Сан-Марино құрамалары да осы топта. Бізді қуантатыны үшінші орынға жайғасып, чемпиолнатқа қосымша берілетін 4 жолдамаға іліну мүмкіндігі туып отырғандығы. Бұл туралы ұлттық құрама ойыншылары артылған сенімді ақтайтынын іспен дәлелдейтінін жеткізді.
    – Өте жақсы топ. тек Қана жеңіс үшін ойнауға тырысамыз, қарсыластың ешқайсысы да оңай болмайды. Бельгия мен Ресейде атап өтуге болады – олар топтың фавориттері. Оның үстіне, олар әлем чемпионатына қатысқан. Сондай командаларға қарсы ойнау қызық болады. Әзірге болжам жасап, топтағы өз орнымыз туралы айтуға ерте. Бәрі ойын барысында көрінеді, – деді Шомко.
Ал, жас талантты ойыншы Еркебұлан Сейдахмет: 
    – Біз бәріміз жеребе тарту рәсімін көрдік. Біздің топтың фавориттері Бельгия мен Ресей екенін бәріне белгілі. Осындай мықты қарсыластарға қарсы ойнау өте жағымды. Біз өзіміздің бар күшімізді көрсетіп, жеңіске жеткіміз келеді, – деді. 
Футболшылар ойларымен бөлісіп, бізге үміт сыйлап қойды. Барлығын уақыт көрсетеді. Ресейдің бас бапкері Станислав Черчесов жеребе жайлы:
     – Бізге түскен құрамалар арасында ең белгілісі Бельгия. Олар рейтингте бірінші орналасқан. Қалған құрамалармен соңғы екі жылда мүлдем кездескенім жоқ. Шотландиялық "Рейнджерсті" Еуропа лигасы арқылы білемін және Қазақстан құрамасының бапкерін танимын, ол мықты маман, меніңше құрамасыда мықтырақ, – деген пікір білдірді. 
Біз жігіттерге тек сәттілік тілейміз. Топтағы іріктеу ойындары келесі жылы наурыз айында басталады.
03 желтоқсан 2018 ж. 703 0