№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ҮШ ЖЫЛ КҮТКЕН ЖЕҢІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІК

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ҮШ ЖЫЛ КҮТКЕН ЖЕҢІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІК

Иә, соңғы рет ұлттық құрама Еуро-2016-ға іріктеу кезеңінде сырт алаңда Латвияны жеңген болатын. Содан бері біздің жігіттер тең есептен аса алмай жүр. Сол қателіктерін кеше түзеп, Бауыржан бастаған біздің футболшылар жеңіске жетті. Бірақ бұл жолғы қарсылас Андорра. Ойынға ойыспас бұрын "Ұлттар лигасы" деген қандай турнир? Оның мақсаты неде? Біз осыны анықтап алайық.
Ұлттар лигасы (Nations League) турнирін ұйымдастыру туралы шешім 2014 жылы Астанада өткен UEFA (Еуропа футбол қауымдастығы) Конгресінде қабылданған болатын. Бұл жарыстың алғашқы матчы да ресми түрде Астанада басталды. 
ТУРНИР ЕРЕЖЕСІ ҚАНДАЙ?
Жарысқа UEFA құрамына кіретін 55 елдің құрамасы қатысады. Құрамалар UEFA рейтингіндегі орнына байланысты А, В, С, D лигасына бөлінген. Мысалы, А лигасында рейтингі жоғары Франция, Испания, Англия, Германия, Голландия, Хорватия, Польша, Швейцария, Италия, Бельгия, Исландия, Португалия ойнайды. Осы командалардың арасында Ұлттар лигасының жеңімпазы анықталады.
Ал Қазақстан рейтингі төмен 15 құрамамен бірге төменгі D лигасында ойнайды. Бұл лигадағы 16 құрама төрт топқа бөлінген. Қазақстанмен бір топта Грузия, Латвия және Андорра бар. Командалар өз алаңында және сырт алаңда кездеседі. Топтық кезең қарашада аяқталады. Егер Қазақстан осы топта жеңіске жетсе, D лигасындағы басқа үш топтың жеңімпаздарымен 2020 жылы наурызда өтетін плей-офф кезеңіне қатысады. Төрт жеңімпаз алдымен жартылай финалда ойнайды. Ал жеңіске жеткен екі құрама финалда кездеседі. D лигасы финалында озған команда 2020 жылы жазда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алады.
Еуро-2020 турниріне 24 елдің құрамасы қатысады. 20 команда Еуропа чемпионатының іріктеу жарысы арқылы, төрт команда Ұлттар лигасы арқылы жолдама алады. Бұған қоса, әр топтың жеңімпазы бір лигаға жоғарылайды. Ал соңғы орын алған команда төмендейді. Мысалы, Қазақстан өз тобында бірінші орын алса келесі турнирде С лигасында ойнайды. Ал С лигасындағы топтарда соңғы орында қалып қойған құрамалар D лигасына төмендейді.
ТУРНИРДІҢ МАҚСАТЫ НЕ?
UEFA Ұлттар лигасы футболдағы жолдастық матчтардың орнын алмастырады деп санайды. Бұл турнир арқылы Қазақстан, Литва, Латвия, Молдова, Грузия, Македония сынды рейтингі төмен командалардың Еуропа чемпионатына қатысу мүмкіндігі артады. Мәселен, Қазақстан құрамасы бұрын Еуропа чемпионаты жолдамасын Англия, Португалия, Украина, Польша, Бельгия сынды күші әлдеқайда басым командалармен сарапқа салған. Ал Ұлттар лигасында өзімен деңгейлес құрамалармен ойнап, лицензияға таласады. UEFA мәліметінше, Ұлттар лигасы дәстүрлі турнирге айналады.
Сарапшылар Ұлттар лигасын "әлсіз командалардың арманын орындайтын турнир" я "рейтингі төмен командалар үшін трамплин" деп сипаттайды.
ҚАЗАҚСТАН ТОБЫНДА КІМ ФАВОРИТ?
Енді кешегі ойынға оралайық. Қазақстан Андоррамен үш рет кездесіп, екеуінде басым түссе, үшінші ойын 2:2 есебімен тең тарқасқан болатын. Жалпы, бұл топта Грузия фаворит болса, Қазақстан мен Латвияның мүмкіндігі тең. Андорра – аутсайдер.
Сонымен, Астана Аренада өткен кездесуде қазақстандық аяқ допшылар алғашқы минуттан-ақ қарсылас қарқынын басып тастады. Толассыз шабуылдың арқасында алғашқы таймда Еркебұлан Сейдахмет (21-минут) және Бауыржан Тұрысбек (39-минут) гол соқты.
Артынша, 61-минутта Бауыржан Исламхан қапталдан пас асырған, Андорра қақпашысы допты өз иелігіне өткізіп алды. Ал ойын нүктесін Роман Мұртазаев қойды. Бұл матчтың 74-минуты болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Андорраны 4:0 есебімен ойсырата жеңді. 
Осы матчтан кейін Қазақстан құрамасы өз тобында 5 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Көш басындағы Грузияда 9 ұпай бар. Латвия мен Андорраның еншілерінде екі ұпайдан бар. Енді қалған екі ойын 15 қарашада біздің жігіттер өз алаңында Латвияны қабылдаса, 19 қараша күні Грузияға қонаққа барады. 
Ұлттық құраманың бас бапкері Санимир Стойлов көбіне жастарға сенім артады. Әсіресе, құрамадағы ең жас ойыншы Еркебұлан Сейдахметтен үміті көп. 
Айтпақша, кешегі ойында ұлттық құрама сапында қазақтың жеті баласы өнер көрсетті. Иә, осыдан-ақ қазақтың қара домалақтарынан келешекте үлкен үміт күтетініміз рас. Міне, қазақ футболының дамуы, болашағы бүгіннен басталуда...
17 қазан 2018 ж. 1 151 0